12 желтоқсан күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада ақын, Тарбағатай ауданының құрметті азаматы Хамит Балшабековті еске алу кеші өтті. Кеш аясында ақын өлеңдерін мәнерлеп оқудан облыстық байқау өтті.
Байқаудың мақсаты: Хамит Балшабековтың мұрасын халыққа, әсіресе жастар арасында насихаттау; ақын шығармалары арқылы жастар бойында адамгершілік, еңбексүйгіштік, елін-жерін сүю тәрізді қасиеттерді қалыптастыру; жастардың шығармашылық ізденістерін дамыту.
Байқаудың шымылдығын Шығыс Қазақстан облыстық драма және оперетта театрының актерлері ашып, ақынның өмір жолынан театрландырылған көрініс көрсетіп, көрерменге үлкен әсер қалдырды. Қаламыздағы театр актері, әдебиетші мамандар мен ұстаздар қазылық еткен байқауға 30-дан аса адамнан тапсырыс түсіп, көркемсөз оқуға талабы бар үміткерлер ақынның өлеңін мәнерлеп оқудан бақ сынады. Қатысушылар екі топ яғни 16-18 және 18-25 жас арлығында болды.
Байқауда бақ сынаған үміткерлер арасынан жеңімпаз атанғандар қос бірінші орын; олар Өскемен қаласының 49-мектебнің оқушысы Қайрат Асанәлі және Тарбағатай ауданының Ақжар ауылынан келген Балғын Дәуренқызы иеленіп жүлделі қайтты. 2- орынды Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжінің студенті Қабышева Айсұлу және Екименко Мария иеленіп, Үшінші жүлделі орынды Қазақстан Американдық еркін университетінен Қорғау Диляра және Тілейхан Ислам қанағат тұтты. Ал арнайы орындарды Кітапханашы Замира Сүлейменова және Өскемен қаласынан 49-мектептің оқушысы Ахметбекова Айзере иеленді. Шараға Алматы қаласынан, Өскеменнен арнайы келген Хамит Балшабековтың балалары үздік қатысушыларға арнайы сыйлықтар табыстады. Туған жерге туын тіккен ақынымызды ұлықтаған дүбірлі дода өз мәресеніе жетіп, барлық қатысушылар естелік суретке түсіп, әдемі көңіл-күймен тарасты.