phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Sun: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Ғабдуллин оқуы- 2025» облыстық байқауы

«Ғабдуллин оқуы- 2025» облыстық байқауы

19 ақпан күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада ақын, белгілі журналист,  Өскемен қаласының құрметті азаматы С.Ғабдуллаұлының шығармашылығына арналған  дүбірлі байқау өтті. 

Ақынға  арнау және ақын өлеңдерін жатқа оқу бойынша екі бағытта өткен байқауға 50-ге жуық  үміткерлер қатысты.  Байқаудың басты мақсаты: Серік Ғабдуллиннің шығармашылық мұрасын насихаттау, жастардың әдеби шығармашылығын дамыту. Байқау барысында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығып, жүлделі болғандарды құттықтаймыз!

Ақынға арнау бағыты бойынша Жамбыл мектеп-гимназиясының оқушысы Насиқан Айжан 1-ші орынды иеленсе, арнайы «Ғабдуллин ізбасары»  және    «Көрермен көзайымы»  номинацияларын  Бозанбай орта мектебінің оқушысы Башай Томирис пен Асубұлақ орта мектебінің оқушысы Ерболқызы Айзере   жеңіп алды. 

 С. Ғабдуллин өлеңдерін жатқа оқудан үшінші жүлделі орынды №16 мектептің оқушысы Бейбіт Айару  иемденсе, 2-ші орынға №27 мектептің оқушысы Нұрланов Нұрәлі, 1-ші орынға Жамбыл мектеп-гимназиясының оқушысы Тұрарұлы Нұрболат ие болды.

Ал арнайы номинацияларды №49 мектептің оқушысы Ернарқызы Айханым, Өскемен–техника колледжінен Жанат Сара, №44 мектеп оқушысы  Қайырбекова Інжу және №19 мектеп оқушысы Лашкарев Даниил иеленді. 

Қалған қатысушыларға Серік ағамыздың отбасының атынан кітаптар және алғыс хаттар табыс етілді. Байқауға үміттерін үкілеп келген барлық оқушыларға және оқушыларды тыңғылықты даярлап әкелген ұстаздарына  кітапхана атынан үлкен алғысымызды білдіреміз. С. Ғабдуллин оқулары байқауы болашақта да жалғасын табатыны сөзсіз.

 Ğabduliin oqulary 1  Ğabduliin oqulary 5  Ğabduliin oqulary 4  Ğabduliin oqulary 7  Ğabduliin oqulary 18  Ğabduliin oqulary 14
 Ğabduliin oqulary 1  Ğabduliin oqulary 8  Ğabduliin oqulary 15  Ğabduliin oqulary 17  Ğabduliin oqulary 9  Ğabduliin oqulary 10
 Ğabduliin oqulary 11  Ğabduliin oqulary 12  Ğabduliin oqulary 6  Ğabduliin oqulary 3  Ğabduliin oqulary 13  Ğabduliin oqulary 2

Байланыс тел.: 261333


 DosAI

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp