
«Бір шаңырақ астында»: әдеби-ақпараттық көрме
А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы Алғыс айту күніне арналған «Бір шаңырақ астында» әдеби-ақпараттық көрмесін тамашалауға шақырады.
2016 жылы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні 1 наурызды елімізде «Алғыс айту күні» деп жариялап №173 Жарлыққа қол қойды. Ал Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлыққа 1995 жылы 1 наурызда қол қойылды. Бұл Қазақстан халықтарының бірлігін, татулығы мен келісімін бейнелейтін ерекше мереке. Көрме тарихтағы күрделі кезеңдерде қазақ жеріне келіп пана тапқан сан тарау тағдырлардың өмір тынысынан хабар береді.
Биыл біз Қазақстан халқы Ассамблеясының, қазақстандық бірліктің бірегей моделінің құрылғанына 30 жыл толуын атап өтеміз. Көрмедегі Ассамблеяға арналған арнайы бөлім бар. Келушілер Ассамблеяның тарихы, қызметі және маңызы туралы баяндайтын кітаптармен таныса алады.
Экспозицияда қазақ халқының қонақжайлылығы, ұлтаралық келісім мен алғыс тақырыптарын ашатын кітаптар, мұрағат материалдары, куәгерлердің естеліктері мен көркем әдебиет ұсынылған. Келушілер көрнекті қазақстандық жазушылардың, тарихшылар мен этнографтардың шығармаларымен танысып, бірыңғай шаңырақ астында өмір сүретін халықтардың мәдениеті мен дәстүрлері туралы көбірек біле алады.
Баршаңызды 25 ақпан 7 наурыз аралығында экспозициямен танысуға, еліміздің бай мәдени мұрасына қол тигізуге, тарихты еске алуға және бізді біріктіретін бейбітшілік пен келісім үшін алғыс білдіруге шақырамыз.
Байланыс тел.: 26 -13-33