phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Sun: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

Шығыста Ақтан Нұрбаев атындағы ақындар мектебі ашылды

Шығыста Ақтан Нұрбаев атындағы ақындар мектебі ашылды

 Шығыстағы көркі талайды тамсандырған Төр Алтайдың қойнауындағы құтты Қатонқарғай жері көптеген дарынды тұлғалардың кіндік қаны тамған жер. Биыл Алтайдың арда ұлы, қазақтың классик жазушысы, драматург Қалихан Ысқақтың 90 жылдығы мен белгілі жазушы, сара сөздің шебері Дидахмет Әшімханұлының 75 жылдық мерейтойлары қатар келіп отыр. Осы атаулы күндерге арналған облыс көлеміндегі іс-шаралар легі бүгін өлкемізге танымал айтыскер ақын, Катонқарағайдың талантты тумасы  Ақтан Нұрбаев атындағы Шығыс Қазақстан облыстық ақындар мектебінің ашылуымен басталды.

Ақтан Нұрбаев Кеңес дәуірі кезеңінде өңірімізде айтыс өнерін дамытуға ат салысқан белді ақын. Облыстық мәдениет басқармасының бастамасымен ашылып отырған аймағымыздағы алғашқы ақындар мектебі айтыс өнеріне ден қойған дарынды жастардың басын қосып, бағыт-бағдар беріп, таланттарын шыңдамақ. Қазақ айтысының қара нары, ақын, қоғам қайраткері Жүрсін Ерман бастаған ел ағалары Ақындар мектебінің тұсауын кесіп, жас таланттарды айтыс өнеріне баулитын мектеп жұмысына сәттілік тіледі. Салтанатты жиынға Арқа төрінен, Алатау баурайынан, шежірелі Семей өңірінен келген есімдері республикаға танымал Аманжол Әлтай, Серікзат Дүйсенғазы, Жанарбек Әшімжан,  Дәулет Сметов, талай дүбірлі айтыс додаларында облысымыздың қанжығасын майлаған жерлестеріміз Абаш Кәкенов, Серік Құсанбаев сынды ақын ағаларымыз бен Ақтан ақынның ұрпақтары, зиялы қауым өкілдері қатысты. 

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында ашылған ақындар мектебіне демеушілік жасаған Ержан Нұрбаев бастаған Ақтан ақынның ұрпақтары.

Бұл игілікті шара «Қарасөздің қарагері Қалихан» атты дүбірлі республикалық ақындар айтысымен, жаз айларында Қалихан мен Дидахметтің туған жері Катонқарағай ауданында өтетін ауқымды республикалық шаралармен жалғаспақ.

Жастардың жыр көкжиегін кеңейтіп, жаңа есімдердің қалыптасуына жол ашатын бұл мектеп – Шығыстағы рухани ортаның жаңа тынысы.

Ұлттық өнердің шамшырағы сөнбесін! Жаңа буын ақындарына ақ жол!

 Aqyndar mektebı 1  Aqyndar mektebı 2  Aqyndar mektebı 3  Aqyndar mektebı 4  Aqyndar mektebı 5  Aqyndar mektebı 8
 Aqyndar mektebı 6  Aqyndar mektebı 7  Aqyndar mektebı 9  Aqyndar mektebı 10  Aqyndar mektebı 13  Aqyndar mektebı 11

 DosAI

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp