phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  
    «Конституция– әділет пен парасат жолы»: дөңгелек үстел

    «Конституция– әділет пен парасат жолы»: дөңгелек үстел

     2025 жылдың 28 тамызы күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне және Ата Заңымыздың 30 жылдығына арналған «Конституция әділет пен парасат жолы» атты дөңгелек үстел өткізілді.

    Басқосу барысында Конституция баптарының қоғам өміріне ықпалы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының жүзеге асуы жайлы кеңінен талқыланды.

    Шараға қатысқан ШҚО прокуратурасы басқармасының аға прокуроры Рамазанов Даулет Анарбекұлы, ШҚО бойынша Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Мизанбеков Серік Маратович, «Үлбі» КММ әлеуметтік қызмет көрсету орталығының басшысы Аубакирова Сания Магауовна, «AMANAT» партиясы облыстық филиалы төрағасының м.а. Нұркенов Аманбай Мұхамедиярович, сондай-ақ ШҚО полиция департаментінің өкілдері Мокина Алена мен Бейсембаева Айгерім өз ой-пікірлерін ортаға салып, Конституцияның қоғамдағы рөлі мен маңызына тоқталды.

    Кездесу барысында кітапхана қызметкері қатысушыларға Ата Заңымыздың қабылдану тарихына қатысты кітаптарға шолу жасап, оның тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуындағы маңызына тоқталды.

    Жиын соңында қатысушылар Ата Заң ел бірлігі мен бейбітшіліктің, тұрақтылық пен дамудың кепілі екенін ерекше атап өтіп, оны қастерлеу әрбір қазақстандықтың қасиетті азаматтық парызы екендігін жеткізді.

    Konstit 1 Konstit 2 Konstit 3 Konstit 4 Konstit 5 Konstit 6 Konstit 7

     

    Байланыс тел.: 261333

     


     DosAI

     old site

    қолда

    кітап ұзарту

    оқырман болу

     

     


    st. Kazakhstan, 102
    Ust-Kamenogorsk, EKR

    pushkinlibrary@yandex.kz

    +7(7232) 261-333

    +7(7232) 609-087 fax

    +7(705) 282-11-27 Whatsapp