phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Шабытты шақ...» Оразай Жеңісұлымен кездесу

«Шабытты шақ...» Оразай Жеңісұлымен кездесу

3 желтоқсан күні сағат 14.00-де кітапханада ақын, Қазақстан Жазушылар одағының және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты Оразай Жеңісұлымен кездесу өтеді.

Оразай Жеңісұлы 1998 жылы 10 қаңтарда Моңғолияның Бай-Өлке аймағы Ақкөл ауылында дүниеге келген. Өскемен қалаcы №20 Ахмет Байтұрсынов атындағы мектептің түлегі. С. Аманжолов атындағы ШҚУ-нің журналистика факультетін бітіріп, өңірдің бас басылымы – «DIDAR» газетінде еңбек жолын бастаған. «ALTAY NEWS» медиа-орталығында контент-редактор болып қызмет етті. Қазір «Bizdiң Өskemen» желілік басылымының бас редакторы. Облыстық «Дидар» газеті мен «Altaynews» сайтының тілшісі бола жүріп, ақпарат майданында атын республикаға танытты.

Республикалық және халықаралық деңгейдегі әдеби байқауларда Шығыс өңірінің намысын қорғап жүрген ақын. Атап өтер болсақ, «Алтын тобылғы» республикалық әдеби байқауының және «Қасиетті Қазақ елі» атты халықаралық өнер фестивалінің лауреаты атанды. «Астана – жастар жүрегінде» жас ақындар мүшәйрасына қатысып, 400 үміткердің ішінен ақтық кезеңге жолдама алып, 2 орынға қол жеткізді. Ақын, публицист, жазушы Е. Рахимовтың 80 жылдығына орай өткен респулбикалық ақындар мүшәйрасында II орын, Т. Молдағалиев атындағы республикалық мүшәйрада I орын алып қайтты. Сондай-ақ О. Бөкейдің 75 жылдығына арналған облыстық ақындар мүшәйрасында I орынға, Жазушы М. Құмарбекұлының 80 жылдығына орай өткен облыстық ақындар мүшәйрасында бас жүлдеге ие болды.

Оразай Жеңісұлы «ЖЕЛ СҮЛЕЙ» кітабының авторы. Өлеңді өзіне серік еткен ақын бүгінде бірқанша биікті бағындырып,  кітабының тұсауын Елордада, Ұлттық кітапхананың шақыруымен өткізіп қайтты. Елорда төрінде өткен әдеи шараға танымал ақын-жазушылар қатысып «Жел сүлейдің» тұсауын кесіп, ақжол тіледі. Ақынмен кездесуге қаламыздағы зиялы қауым өкілдері, жергілікті қаламгерлер мен кітапхана оқырмандары шақырылып отыр.

 

 


 DosAI

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp