16 ақпан күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана ұйымдастырған ақын, Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі, Өскемен қаласының Құрметті азаматы Серік Ғабдуллаұлының шығармашылығына арналған «Ғабдуллин оқулары» өз мәресіне жетіп, жеңімпаздар марапатталды.
Ғабдуллин оқуына оқушылар, студенттер және көркем сөзге қызығушылық танытқан ересектер қатысты. Өтініштер және шығармашылық жұмыстар 2024 жылдың 3 қаңтарынан 5 ақпанына дейін қабылданды.
Шараның мақсаты: Серік Ғабдуллиннің шығармашылық мұрасын зерттеу және насихаттау, жастардың әдеби шығармашылығын дамыту.
Ғабдуллин оқуы келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
- С. Ғабдуллинге арналған өз өлеңдері;
- С. Ғабдуллиннің өлеңдеріне жазылған әндер;
- С. Ғабдуллиннің өлеңдерін мәнерлеп оқу.
С. Ғабдуллинге арналған өлеңдер бойынша
Ересектер арасында
1 орын - Төлеубек Шұғыла, Ұлан ауданы, Тарғын ауылы «І.Айтықов атындағы орта мектеп-балабақша кешені»
2 орын - Абзалханов Нұрболат, Ұлан ауданы, Қ.Қайсенов кенті
3 орын - Князбаева Меруерт Бақытбековна,«Оралхан Бөкей атындағы № 44 лицейі»
Балалар арасында
Бас жүлде- Беренханұлы Айбат, Ұлан ауданы, «Қасым Қайсенов кентінің орта мектебі»
1 орын - Серікқызы Жұлдыз, Өрел орта мектебі
Насихан Айжан / Ұлан ауданы, Бозанбай орта мектебі
2 орын - Қауая Гауһар, Ұлан ауданы, Бозанбай орта мектебі
Жанболат Жансерік / Ұлан ауданы, «Қасым Қайсенов кентінің орта мектебі»
3 орын - Қабдусәлем Сұлтанәлі, Дарынды балаларға арналған облыстық мамандырылған мектеп-лицей-интернаты
Нұрбақытқызы Бақбер, «№49 жалпы білім беретін мектебі»
С. Ғабдуллин өлеңдерін мәнерлеп оқу бойынша
Бас жүлде – Әділғазы Әсем, «№26 жалпы білім беретін мектебі»
1 орын – Бекбергенова Дамира, «№35 жалпы білім беретін мектебі»
Жанымхан Аяла, «№49 жалпы білім беретін мектебі»
2 орын - Жарысқан Іңкәр, Дарынды балаларға арналған облыстық мамандырылған мектеп-лицей-интернаты,
Үлесбекқызы Мәринә, Ұлан ауданы, Бозанбай ауылы
3 орын - Амангелді Айару, «№49 жалпы білім беретін мектебі»
Айман Жұмабекқызы, «№49 жалпы білім беретін мектебі» Батырхан Қасым, Дарынды балаларға арналған облыстық мамандырылған мектеп-лицей-интернаты
Жеңімпаздарға ақын бейнесімен кубоктар, диплом, алғыс хаттар және ақынның өлеңдер жинағы табысталды.