phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

Кітапхананың жаңартылған конференц-залы ашылды

Кітапхананың жаңартылған конференц-залы ашылды

     3 сәуір күні кітапханада көптен күткен айтулы оқиға – толық реконструкциядан өткен конференц-залдың салтанатты ашылуы өтті. Кітапхананың 130 жылдығы аясында бұл жаңарту жұмыстары өңірдің сенімді серіктесі – «КАЗЦИНК» ЖШС-нің ауқымды қолдауының арқасында жүзеге асты.

Күрделі жөндеу жұмыстары классикалық залды заманауи мультимедиялық алаңға айналдырды. Жұмыс барысында интерьердің эстетикалық безендірілуі ғана емес, сонымен қатар негізгі техникалық жабдықтары да толық жаңартылды.

Лазарев Андрей Павлович,  «Kazzinc Holdings» ЖШС әкімшілік мәселелер жөніндегі басқарушы директоры,  «Заманауи кітапхана — бұл жаңа білім алуға, қарым-қатынас жасауға және жаңа технологияларды қолдануға арналған мәдени кеңістік»,  деп атап өтті

«КАЗЦИНК» ЖШС-нің қолдауымен мәдени, білім беру және қоғамдық маңызы бар іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге мүмкіндік беретін заманауи әрі жайлы кеңістік құрылды. Жаңартылған зал халықаралық ғылыми-практикалық конференциялардың, интерактивті дәрістер мен білім беру воркшоптарының, мәдениет және өнер қайраткерлерімен шығармашылық кездесулердің, қоғамдық форумдар мен диалог алаңдарының басты орталығына айналмақ.

А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының ұжымы көрсеткен демеушілік көмегі үшін «КАЗЦИНК» ЖШС басшылығы мен ұжымына шынайы алғысын білдіреді.

Бұл үлес – бизнестің жоғары әлеуметтік жауапкершілігінің жарқын үлгісі. Мұндай жобаларды қолдау – бұл жай ғана ғимаратты абаттандыру емес, бұл аймақтың мәдени және зияткерлік әлеуетін дамытуға салынған баға жетпес инвестиция.

 Konferens zal 1  Konferens zal 2  Konferens zal 3  Konferens zal 5  Konferens zal 6  Konferens zal 7 Konferens zal 8 
 Konferens zal 10  Konferens zal 11  Konferens zal 13  Konferens zal 9  Konferens zal 12  Konferens zal 14  Konferens zal 4

 DosAI

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp