phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Против течения слов»: жазушы Йана Боризбен кездесу

«Против течения слов»: жазушы Йана Боризбен кездесу

26 қыркүйек күні сағат 11:00-де  кітапханамыз оқырмандарды тарихи-шытырман оқиғалы романдар мен ретродетективтердің авторы, жазушы Йана Боризбен өтетін кездесуге шақырады.

Йана Бориз өз кітаптары, шығармашылық жолы мен тарихи деректермен жұмыс істеу ерекшеліктері туралы айтып, қазіргі әдебиет төңірегіндегі ойларымен бөліседі. Кездесуге қатысушылар жазушыға сұрақтар қойып, сүйікті шығармаларын талқылай алады.

Йана Бориздің шығармашылығы әртүрлі тарихи кезеңдерді қамтиды. Оның тарихи-шытырман оқиғалы романдары оқырманды Қазан төңкерісі, Азамат және Ұлы Отан соғыстарының драмалық оқиғаларына жетелесе, ретродетективтері классикалық тарихи тергеуді, отбасылық құпиялар мен жеңіл мистикалық элементтерді шебер ұштастырады.

Жазушының шығармалары бірнеше рет әдеби сыйлықтардың номинациясына ілігіп, лауреаты атанған. 2022 жылдан бастап оның «По степи шагал верблюд», «Жирандоль», «О чем смеется Персефона», «Флоренций и прокаженный огонь», «Флоренций и черная жемчужина» романдары жарық көрді.

Йана Бориз Қазақстанда дүниеге келіп, өскен. әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген, филология ғылымдарының кандидаты. Оның кандидаттық диссертациясы Райнер Мария Рильке поэтикасына арналған. Оқытушылық салада жұмыс істегеннен кейін Йана Бориз кәсіби қызметін қаржы секторында жалғастырды, дегенмен әдебиетке деген сүйіспеншілігі оны қайтадан кітап әлеміне алып келді.

Тарихи сюжеттерді, детективтерді және қазіргі әдебиетті жақсы көретін барша оқырманды автормен өтетін ашық кездесуге шақырамыз!

Жазушының шығармашылығы туралы толығырақ — janaboriz.kz сайтында.

          Әлеуметтік желілер:

  • Оқырмандар клубы: @janaboriz_club
  • Instagram: @jboriz
  • YouTube: Йана Бориздің YouTube-арнасы

 DosAI

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp