phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Sun: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Олар алғашқы еді

1895 жылы қала басқармасының құрамы алдыңғы қатардағы әрі прогрессивті бағыттағылар мен саяси жер аударылып келгендерден құралды. Қала старостасы болып О.Ф.Костюрин сайланды. «Семей облысының естеліктер кітапшасында» Өскемен қалалық Думасының қызметі былайша сипатталды: « ... Семей қалаларының ешқайсысында Өскемендегі тәрізді қалалық басқарма жоқ, мұнда зиялы адамдар тобы қалалық өкілеттігіне өтіп қала ісі ілгері дамыды... Қалада бастауыш білім беру жөнінде қамқорлық  қоғамы қалыптасты; мұражай салу мәселесі қолға алынды... ».
 1896 жылы 22 наурызда қала басшылығы біз үшін тарихи аса маңызды шешім қабылдап, Өскемен қаласында «Халықтық оқу залы бар ақылы кітапхана» пайда болды.
Алғаш кітапханашы-қоғамшыл болып құрметті демалыстағы фельдфебельдің 18 жасар ұлы Петр Столбов (1878-1959) сайланып, аталған қызметте 19 жыл еңбек етті (1896-1915). Петр Филиппович естеліктерінде: «Оқу кітапханасы – қала басқармасы ғимаратына орналасып, қала интеллигенциясының басын қосатын орталыққа айналды. Мейрам және поштадан газет, журнал түскен күндері мұнда оқырмандар тобы жиналып, өзекжарды жаңалықтарды талқылайтын...».
«1897 жылы Семей облысына жасалған шолу» кітабынан біз: «... кітапханада 662 кітап, оқырмандар саны – 480, 4732 кітап берілгендігін» аңғарамыз. 1898 жылы кітапханада 385 кітап атауы (830 том) мен 33 мерзімді басылымдар атауы тіркелді. Оқырмандар саны 428 адамды құрап, 1898 жылғы кітап берілімі – 3262 бірлікке жетті. Аталған жылы кітапхананы қамтамасыз ету үшін 99 рубль 73 тиын жұмсалған.

П.Столбовтың естеліктерінде: «Қала басқармасы ауқымды бюджетті иеленіп, әл-ауқатқа байланысты маңызды іс-шараларды жүзеге асыра отырып, кітапханаға жеткілікті қаражат бөле алмады. Қала қоғамдастығы кітапхананың ашылуына дем беріп, қаражат пен әдебиет жағынан жәрдемдесті».

Шынында да, алғашында кітапхана қоры қала интеллигенциясының жеке кітаптарынан құралды:

Олардың қатарында: Костюрин, Федоров, Гинтов, Михаэлис, Емельянов т.б. болды. Және дәл осы адамдар кітап қорын толықтыруға ақшалай жәрдем берді. А.Федоров кітап сатып алуға 100 рубль қосқан. Әскери дәрігер Г.Вистениус өзінің жеке кітапханасының бір бөлігін тапсырған.

Сол жылдары жарық көрген, кітапханамызда бүгінге дейін сақталған басылымдардың алғашқы бетінде «Өскемен халықтық оқу залы бар ақылы кітапханасы» деген мөртабан бар.

Уақыт өте келе қалалық басқарма ғимаратына орналасқан кітапхана ауқымы тарыла бастады. Зиялы қауым кітапхана мен мұражайы бар Халық үйін салуды қолға алды. Белсенділер қатарында бухгалтер әрі кітапханашы – П.Столбов болды. Халық үйі салынып, 1902 жылы салтанатты түрде ашылды. Кітапхана қала көркін келтірген жаңа ғимаратқа қоныстанды.

1904 жылғы статистика бойынша, қала басшылары кітапханаға 163 рубль 70 тиын, соның ішінде мерзімді басылымға жазылуға – 119 рубль 88 тиын бөлген екен. Кітапхана қоры – 523 бірліктен тұрып, жыл көлеміндегі кітап берілімі – 955 дананы құраған.  

1906 ж. дәрігер Густав Александрович Вистениустан тағы да көмек келді. Вистениус фотосуреті Швед, ақсүйек, болгар-түрік соғысына қатысушы.
 
Санкт-Петербург медициналық Академиясын тәмамдаған. Біздің өңірде Өскемен қаласы мен Катон-Қарағай ауданында өмір кешкен. 1906 жылы ол қаладан кетіп, өзінің қала маңындағы жеміс бағын сатуға бел байлайды. Осы орайда ол көп толғанып, бағын табыстайтын кандидатура іздеді. Бұл жайында көрнекті өлкетанушы С.Е.Черных өзінің «С берегов Иртыша» еңбегінде былай дейді: «... ол Д.Г.Панкратьевке баса назар аударды. Одан артық адам табылмас»,- деп шешті Вистениус. Ол – бақша бағбаны... Мен ұсынысыңызға қуаныштымын, бірақ сатып алатын жағдайым жоқ ... Маған ештеңенің де қажеті жоқ, тек бақшаны сақтап, басталған істі аяғына жеткізсең болғаны... Бақшаны саған 15 жылға бөліп төлеуге беремін. Жыл сайынғы кірістен 100 рубльді қалалық кітапханаға беріп отыр ...». Сол күннен-ақ жазбаша түрде келісім хат рәсімделіп, бақша Д.Г.Панкратьевтің қолына табыс етілді, ал қалалық кітапхана тұрақты қаржылық қолдау тауып отырды.


 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp