phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Sun: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

«Өскемен халықтық оқу залы бар ақылы кітапханасынан» заманауи ХХI ғасыр кітапханасы дәрежесіне дейін талай белестерден өтті. Көп дүние өзгерді, дегенмен кітапқа деген құмарлық, кітапханашылардың өз ісіне жауапкершілігі мен туған өлкеге деген адал қызметі ғана өзгеріссіз қала берді. Өскеменнің байырғы тұрғындары мен қызметкерлеріміз жадында кітапхананың 70, 100,110, 115 жылдық мерейтойлары әлі де орын алуда. Біз осы күнгі кітапхана жылнамасының негізін қалағандарды зор құрметпен еске аламыз.

Кітапхана тарихы 1896 жылдан, яғни XIX ғасырдың соңынан бастау алады. Өскемен қаласы – 8 000-нан астам ғана тұрғыны бар шағын уездік «... таза да көңілді қалашық» еді.

1936 жылы ғана қалалық кітапхана қонысын өзгертті. Ол Театральная (қазіргі Тоқтаров) көшесінде орналасқан бес бөлмелі ескі көпестік ғимаратқа көшірілді. Ғимараттағы қиындық пен қолайсыздыққа қарамастан азаматтар кітапханаға зор ілтипатпен қарады.

bazhov
Кеңес үкіметі орнаған соң 1920 жылдары Өскемен қаласындағы кітапхана –оқу залы көпшілік қалалық кітапханаға айналды. Ол тұрғындар арасында сауатсыздық жоюдың бірден-бір көзі еді. Кез-келген азамат үшін қол жетімді болып, барлық оқырмандар кітапты ақысыз пайдалану мүмкіндігіне ие болды.

1895 жылы қала басқармасының құрамы алдыңғы қатардағы әрі прогрессивті бағыттағылар мен саяси жер аударылып келгендерден құралды. Қала старостасы болып О.Ф.Костюрин сайланды. «Семей облысының естеліктер кітапшасында» Өскемен қалалық Думасының қызметі былайша сипатталды: « ... Семей қалаларының ешқайсысында Өскемендегі тәрізді қалалық басқарма жоқ, мұнда зиялы адамдар тобы қалалық өкілеттігіне өтіп қала ісі ілгері дамыды... Қалада бастауыш білім беру жөнінде қамқорлық  қоғамы қалыптасты; мұражай салу мәселесі қолға алынды... ».

Соғыстан кейінгі жылдары кітапхана тағы да көшуін жалғастырды. Оған Киров атындағы мектептің асханасы болған бөлме берілді. Л.С. Фадеева былай еске алады: « ... Кітаптарды бөлім бойынша іріктеп, жинап та үлгермедім, тағы бір тар, қолайсыз ғимаратқа көшуді ұсынды. Жарты жыл бойы кітаптар жиналмай жатты. Кейін сол суық, қоқырсыған залға орналастырдық. Көшу салдарынан көптеген кітаптар жоғалып, жыртылды. Оларды қалпына келтіруге жағдай болмады, шкаф пен стеллаждар да жоқ еді... Соңғы 2-3 жыл ішінде кітапхана қоры 5000-ға жуық бағалы кітапты жоғалтты...».

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp