phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Sun: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Қаһарлы қырқыншы жылдар...

Ұлы Отан соғысы жылдары да (1941-1945) кітапғана өз жұмысын тоқтатқан емес, бұл тұста да шешуін таппаған мәселелер көп еді, әсіресе, ғимарат мәселесі. Өскемендіктер оған «көшпелі» кітапхана деп ат қойды.
Оның болмаған жері жоқ еді. Қала мектептерінің бірінде, Партиялық ағарту үйінде, кітап дүкенінде де болды, соның өзінде жыл сайын 600-700 тұрақты келушілері болды. Уақтылы әрі шынайы ақпарат ауадай қажет еді. Тұрақсыз келіп тұратын мерзімді басылымдар қолдан-қолға беріліп отырды. Әркім өз керегін іздеді... Жау қолындағы шекараларды азат ету жайлы мәліметтер, майданға жөнелген жолдас, бауыр, балалар туралы хабар-ошар т.б.

Әскери кезең кітапхана жұмысының формасына да өз ізін қалдырды. 1941 ж. «Большевик Алтая» газеті: «Облыстық кітапхана ұжымында – 10 әйел қызмет істейді. Біз әскери-тазалық ісі мен химиялық шабуылға қарсы қорғаныс жөнінде үйірме ұйымдастырамыз. Барлық оқырмандар, үй шаруашылығымен айналысушылар, отан қорғау мақсатында қорғаныстық білім алам деуші адамдарды үйірмемізге жазылуға шақырамыз»,- деп жазды. 
V2 V22

 

 

​ 


 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp