phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Fri: 8:00-18:00
         Sat- Sun: 9:00-18:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

    Archive

    Жеңімпаздарды марапаттау

    Жеңімпаздарды марапаттау

    22 желтоқсан күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Қазақстандағы балалар мен балалар әдебиеті жылына арналған «Ертегі – ғажайыптар әлемі» облыстық байқауы мен дәстүрлі «Кітап оқу көшбасшылары – 2022» байқауының қорытындылары шығарылды.

    100-ге жуық қатысушы өз жұмыстарын біздің конкурсқа жіберді, қатысушылардың барлық жұмыстары кітапханамыздың балаларға арналған https://detki.pushkinlibrary.kz

    сайтында танысуға болатын электронды кітапқа енгізілді.

     «Менің ертегі әлемім» номинациясы бойынша 6-11 жас аралығындағы (қазақ тілінде) жеңімпаздар:

    Номинацияның мақсаты: өз жанынан ертегі құрастырып жазу. Ол қатысушылардың келесідей жас ерекшеліктеріне қарай бөлініп бағланды.

    1-ші орын - Глубокое ауданы. «Дінмұхамед Қонаев» атындағы орта мектептің 3 «а» сынып оқушысы  – Пазылбекұлы Ералы иеленді.

            2-ші орын - Өскемен қаласы әкімдігінің «№35 орта мектептің 4 «кадет»  сыныбының оқушысы - Қыдырмолдин Фарид.

           3-ші орын –ШҚО, Білім Басқармасының «Облыстық мамандандырылған IT-мектеп-лицейінің» оқушысы - Азаматқызы Медина.

     6-11 жас аралығындағы (орыс тілінде) жеңімпаздар:

    1-ші орын – Ұлан ауд., К.Кайсенов ауылы, «Риторика» балалар шығармашылық үйірмесінің мүшесі - Линкер Ева 

    2-ші орын – Ұлан ауд. Айыртау ауылы. «Гагарин атындағы орта мектебінің» оқушысы - Кадыров Санжар.

    3-ші орын - Ұлан ауд., К.Кайсенов ауылы, «Риторика» балалар шығармашылық үйірмесінің мүшесі - Мишакин Артем.   

    12-15 жас аралығында жас санаттары бойынша (қазақ тілінде) жеңімпаздар:

             1-ші орынды – ШҚО, Ұлан ауданы, Айыртау ауылы «Гагарин атындағы орта мектебінің» оқушысы - Қуанғанұлы Отанбек.

            2-ші орын – ШҚО, Ұлан ауданы, Айыртау ауылы,  Гагарин атындағы орта мектебінің оқушысы - Қуаныш Бекзат.

           3-ші орынды –  Зайсан ауданы, Қарабұлақ ауылдық мектебінің оқушылары -  Дайырбекқызы Инабат, Жұмағалиева Айша.  

    Орыс тілінде бұл жас тобында алғашқы екі оқушы 1-ші орынды бөлісті: Ұлан ауданы, Қ. Қайсенов ауылы,  «Райымжан Мәрсеков» атындағы мектептің 6 сынып оқушысы -  Есенжалұлы Елдос және Белоусовка ауылынан Свиридова Мария.

    «Аударма әлемі» номинациясының жеңімпаздары:

    Номинацияның мақсаты ертегілерді қазақ тілінен өзге тілдерге, өзге тілден қазақ тіліне аудару арқылы баланың аудармашылық қабілетін шыңдау.

    Номинация келесі жас санаттары бойынша бағаланады:

    6-11 жас

    1-ші орын - Өскемен қаласының №10 орта мектебінің 1-сынып оқушысы - Асылбеков Руслан.

    2-ші орын - Ұлан ауданы, Айыртау ауылы, «Гагарин атындағы орта мектебінің» 4 «В» сынып оқушысы - Қадырова Айым.  

    3-ші орын - Ұлан ауданы, Айыртау ауылы, «Гагарин атындағы орта мектебінің» 3 сынып оқушысы - Әділғали Әли.  

    Осы номинацияның 12-15 жас аралығындағы жеңімпаздары:

    1-ші орын - Ұлан ауданы, Айыртау ауылы, «Гагарин атындағы орта мектебінің» 4 сынып оқушысы - Құсаинов Ерали.

     2-ші орын Ұлан ауданы, Айыртау ауылы, «Гагарин атындағы орта мектебінің» 7 сынып оқушысы - Мейремгалиева Каусар.

     Осы номинацияда 16-18 жас аралығындағы жеңімпаздары:

     1-ші орын - Шемонаиха ауданы, Усть-Таловка ауылы, Усть-Таловка ауылдық мектебінің оқушысы - Матаева Саида.  

    2-ші орын - Ұлан ауданы, Айыртау ауылы, «Гагарин атындағы орта мектебінің» 10 сынып оқушысы - Қуаныш Жібек.  

     «Суреттер сөйлейді» номинациясының жеңімпаздары:

     6-11 жас:

    1-ші орын - Өскемен қаласынан - Сионина Вероника.

    2-ші орын - Бобровка ауылынан - Вебер Дарья.

    3-ші орын -  Ұлан ауд., Айыртау ауылынан - Хайратқызы Айару.

     12-15 жас:

    1-ші орын – Ұлан ауд., Айыртау ауылынан - Мейремгалиева Кәусар.

    Кітапханамызда 6-шы рет өтіп отырған «Кітап оқу көшбасшысы» атты байқаудың 6-11 жас аралығындағы жеңімпаздары:

    Өскемен қаласы әкімдігінің «№35 орта мектептің 4 - сыныбының оқушысы  - Аманжолова Аида.

    Математика, физика, информатика саласында дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейі 5 «А» сыныбының оқушы -  Литвиненко Анастасия 

    12-17 жас аралығыда:

    Саратовка ауылының «Базылбек Ахметов атындағы мектебінің» 11-сынып оқушысы - Серікбаева Дильназ.

    Глубокое ауданы, Прапорщиково ауылы, «Дінмұхамед Қонаев» атындағы орта мектептің 10 сынып оқушысы - Вальтер Ксения.

     А. С. Пушкин атындағы облыстық кітапханамен ынтымақтастығы және оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын мен кітапқа деген сүйіспеншілігін дамытуға бағытталған жобалар мен іс-шараларда белсенді, жемісті жұмысы үшін ШҚО білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің "№24 орта мектебі" КММ мұғалімі Төлеуханқызы Меруерт «Ең белсенді ұстаз - 2022», және Математика, физика, информатика саласында дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицейінің мектеп кітапханашысы Дорошенколар Маргарита Петровналар «Ең белсенді кітапхана - 2022» номинацияларын иемденді.

    Сондай - ақ, жыл көлемінде бүкіл отбасымен кітапханамызда белсенділік танытқан ең белсенді оқитын отбасы - Ариповтар отбасы атап өтілді.

     Nagrazhdenie 1  Nagrazhdenie 5  Nagrazhdenie 6  Nagrazhdenie 7  Nagrazhdenie 8  Nagrazhdenie 13
     Nagrazhdenie 10  Nagrazhdenie 14  Nagrazhdenie 12  Nagrazhdenie 11  Nagrazhdenie 16  IMG 9704

     Байланыс тел.: 26-13-33 (119)


     DosAI

     old site

    қолда

    кітап ұзарту

    оқырман болу

     

     


    st. Kazakhstan, 102
    Ust-Kamenogorsk, EKR

    pushkinlibrary@yandex.kz

    +7(7232) 261-333

    +7(7232) 609-087 fax

    +7(705) 282-11-27 Whatsapp