А.С. Пушкин атындағы кітапхана ауылдық көпшілік филиалдардың әдістемелік орталығы ретінде орталық аудандық кітапханалардың "Бірыңғай ақпараттық компьютерлік желісі" ауқымды жобасын жүзеге асыруда. Жобаны Шығыс Қазақстан облысының облыстық әкімдігі қолдап отыр. Жобаның мақсаты - орталық аудандық және қалалық кітапханалардың қызметін жаңа ақпараттық технологияны енгізу негізінде халыққа ақпараттық қызмет көрсету деңгейін көтеру.
Жоба негізінде бірінші кезеңде (2003-2004ж) 10 аудандық кітапхана құрал-жабдық алды. Әр кітапханаға спутниктік станция, 2 компьютер, сканер, қара-ақ және түрлі-түсті принтер, ксерокөшірме, телевизор және бейнеприставка орнатылды. Аудандық кітапхана қызметкерлері әртүрлі арнайы тренингтерде компьютермен, Интернетпен жұмыс негіздері, веб-дизайн курстарынан өтті. Қазіргі күні осы аудандардың тұрғындары Интернетті , жедел электрондық хат-хабар алмасу және қашықтан қызмет көрсету мүмкіндіктерін пайдаланады. Ауылдықтар үшін біздің кітапхана қорындағы қажетті құжаттарды электрондық түрде жеткізу қызметі – немесе - біздің кітапхана арқылы Қазақстанның Ұлттық кітапханасының, шетелдік деректер базаларының ақпараттық ресурстарын пайдалану жұмыс істейді.
Қазір жоба облыстың 11 аудандық кітапханасын біріктіреді, олардың 9-ы өз веб- сайттарын жасап үлгерді: Глубокое АК, Зырян АК, Катонқарағай АК, Күршім АК, Риддер ҚК, Тарбағатай АК, Шемонайха АК.
|
Зорлық-зомбылықсыз әлем
04 Dec