phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Sun: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Projects

ШығысМедИнфо

«ШығысМедИнфо» - «Ашық Қоғам» Институтының гранты (қазан, 2000). Грант "Matching Funds Grant Programm" байқауына қатысудың арқасында алынды. Жоба аясында бес мекеемден тұратын тораптық желі құрылды: біздің кітапхана, денсаулық сақтау департаменті, Өлкелік патология институты, Өскемен медицина колледжі және медициналық кітапхана.
Жоба серіктестері отандық және шетелдік медициналық орталықтардың ақпараттық ресурстарын бірлесіп пайдалану үшін бірікті. Жоба нәтижесінде медик-мамандар компьютерлік және Интернет сауат тренингтерінен ақысыз өтті. Медицина мекемелерінің ұжымдары үшін ақпараттық семинарлар өткізілді, семинарға қатысушылар осы жобамен, ақпараттық ресурстармен және кітапхананың мұүмкіндіктерімен танысты, Жоба кітапханаға пайдаланушылардың жаңа категорияларын тартты, медицина мекемелерімен өзара серіктестік қарым-қатынастарды дамытты.
Қазіргі кезде жоба тұрақты даму үстінде. Медицина ұйымдарын ақпараттық қолдау жүйелі түрде ұйымдастырылған, олардың қатарында Шығыс-Қазақстан облыстық онкологиялық диспансер, «Ваш доктор» отбасылық-дәрігерлік амбулатория, Қан құю Орталығы, Профпатологиялық клиника және т.б. Медицина қызметкерлерінің қолы босамайтындықтан ақпараттық қолдау қашықтан ақпарат жеткізу режімінде жүргізіледі, қашықтағы деректер базаларындағы ақпараттарды электрондық түрде жеткізу ұйымдастырылады.


 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp