2022 жылы ұлтымыздың ұлы ұстазы, қазақ ағартушысы, мемлекет қайраткері, лингвист ғалым, әдебиеттанушы, түркітанушы, ақын және аудармашы, қоғам қайраткері және саяси публицист, реформатор, Алаш партиясының мүшесі Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толады. Биыл «Бір ел – бір кітап» республикалық акциясы Ахмет Байтұрсыновтың ғылыми және әдеби шығармашылығына арналады. Осыған орай А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында ұлт ұстазына арналған «Ұлтын ұлықтаған ұлы тұлға» атты вертуалды кітап көрмесі ұймдастырылды. Көрмеге халқымыздың аяулы перезенті, ғалым Ахмет Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы, әдеби шығармалары, қанатты сөздері, қазіргі ғылымдағы Байтұрсыновтану жайлы сыр шертетін әдебиеттер, баспасөз беттерінде жарық көрген тың деректер енгізілді.