Қазір біз Отанымыздың тарихын жалтақсыз зерттеп, тіліміздің, діліміздің, рухани мұраларымыздың тамырын терең тануға кірістік. Осы тұрғыдан алғанда, халқымыздың ғылымын өркендетуге, білімі мен әдебиетін дамытуға өлшеусіз үлес қосқан, аласапыран жылдарда қазақ елінің болашағын ойлаған, алыптардың қатарында Ахмет Байтұрсынұлы ойып орын алады.
Алаш қозғалысы – біздің тұтас тарихымыздағы ерекше құбылыс. Ахмет Байтұрсынұлы осы «Алаш» партиясы басшыларының әрі көсемінің бірі болды, Қазақ АКСР-ін құруға елеулі үлес қосты. Қазақ АКСР-і құрылған соң үкімет құрамына кіріп, оқу-ағарту халық комиссары болып жұмыс істеді.