Ахмет Байтұрсынұлының әдеби шығармалары

А. Байтұрсыновтың жас қазақ ғылымына еткен қызметі тек білім саласында емес, әдебиеттану саласында да айрықша зор болды. Өткен ғасырдың II жартысында-ақ халық ауыз әдебиеті үлгілерін жинап, жарыққа шығару дәстүрі отандық филологияда бел алған игілікті іс болды. Бұл дәстүрді әр халық интеллигенциясының озат өкілдері жақсы қабыл алып, өздері де ат салысқандары мәлім. Дана өз заманасынан озық туады, тозық елді озық етемін деп халқының алдына шығып, өрге сүйрейді, жолында тұрған кесапаттарды өңменінен түйрейді. Ол отаршылдықтың озбыр саясатына қарсы халықты ояту үшін халықты оқыту керек екенін түсінді. Осы жолда газет шығарып, мақала жазып, ұйқыдағы ұлтын оятып, замана аңғарын түсіндірді, өлең жазып, мақсат-мүддесін танытты.

Mobirise Website Builder