Ахмет Байтұрсынұлы – ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ халқының саяси-әлеуметтік, мәдени-рухани өмірінен айырықша орын алған тұғырлы тұлға. Бір басына сан түрлі салқар санаткерлік тоғысқан осынау ұлы азамат қазақ руханиятындағы теңдесі жоқ құбылыс десек, артық айтқандық емес.