Mobirise Website Builder

Ахмет Байтұрсынов қазақ тілтану ғылымының атасы

Ахмет Байтұрсынұлы ұлттың рухани ұстазы ретіндегі ұлт руханиятына қосқан үлесі ғылыми ізденістері болып табылады. Туған халқын өркениетке жетелемк ұлы мақсаттарға оқусыз, білімсіз қол жеткізуге болмайтындығы бесенеден белгілі. Ал, оқып, білім алу үшін халқымыздың өзіндік жазуы, қажетті оқу құралдары, ұлттық мектептері болуы керек. Ахмет ағартудың ақ жолына түскен сәтте бұның көбі жоқ болатын. Оларды жолға қою Ахметті бәрінен бұрын ана тіліміздің мәселелерімен айналысуға, оны оқу пәні дәрежесіне көтеруге ден қойғызды.