Ой мен сөз! Сөз бен ой! Адамды адам еткен қос құдірет! Ой – адам рухының тұғыры һәм адамзат өркениетінің қозғаушы күші болса, сөз – сол ойды ұрпақтар игілігіне айналдырушы асыл айна һәм зерен зерде. Биыл ХХ ғасырдағы қазақ рухани мәдениетінің көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойы. Біз осыған орай түркітанушы, қоғам қайраткері, қазақ ғылымына өлшеусіз үлес қосқан Алаш арысы, қазақ тіл ғылымының атасы Байтұрсынұлының ұлтқа керекті ұлы ойларын ұсынып отырмыз.