Get Adobe Flash player

«Бір ел - бір кітап» қазақстандық жоба акциясының идеясы АҚШ-тың «Бір кітап, бір Чикаго» және бүкіл қала бір әдеби туындыны бір уақытта оқыған «Егер де бүкіл Сиэтл бір кітапты оқып шықса» атты көпшілікке танымал кітапханалық жобаларынан негіз алған.

Бір кітапқа арналған жалпы қалалық оқу мерекесінің идеясын АҚШ-ның солтүстік-батысындағы ірі қала Вашингтон штатында - Сиэтл көпшілік кітапханасының кітап орталығы ұсынған. 1998 жылы «Егер де бүкіл Сиэтл бір кітапты оқып шықса» ұранымен бірінші рет өткізілген акцияның мақсаты - Сиэтл халқының бірлігін нығайту және оқуды насихаттау. Акция Чикаго, Буффало, Рочестер қалаларында да өтті.

«Бір ел - бір Чикаго» бағдарламасы (One book, one Chicago) чикаголық муниципалитеттің белсенді қолдауымен Чикаголық көпшілік кітапхананың бастамасымен ұйымдастырылған. Оның басты мақсаты қала тұрғындарын бір уақытта оқуға және бір кітапты отбасында және жұмыста, достар мен таныстар арасында, оқу орындарында, кітап дүкендерінде, діни ұйымдарда, кафе және басқа да қоғамдық орындарда ұжыммен талқылауға қызығушылығын ынталандыру. Бұл күні қала кітапқұмарлар клубына айналады.  

«Бір ел - бір кітап» акциясы Қазақстанда 2007 жылдан бастап 7-ші жыл өткізіліп отыр. Бұл акцияға Шығыс Қазақстан тұрғындары да белсенді түрде қатысуда. Акция іс-шараларына А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы жетекшілік етеді. 

2013

Биылғы жылы акцияны ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша барша оқырман қауым бірлесіп оқуы үшін Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фариза Оңғарсынованың «Дауа»атты лирикалық жыр жинағы ұсынылды. Қазақстан халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фариза Оңғарсынова ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасы ашылған бірінші күннен бастап, білім ордасының қамқоршысы, көптеген қызықты жобалардың ұйымдастырушысы болып табылады. 2007 жылдан ол республикалық «Бір ел - бір кітап» акциясын ұйымдастыру комитетінің төрайымы және қазақстандық жазушылар шығармашылығын насихаттауда, өскелең жастарды кітап оқуға тартуда зор үлесін қосып келеді.

Жыл сайын кітап таңдау ісі оңайға түспейді. Әр жазушының шығармасы ерекше ықыласты талап етеді. Өйткені, әр шығарма адам тағдырын, тарихи оқиғаларды сомдап, тәрбиелік мән беріп, оқырмандарын ойлантып, толғантады.