Түркістан - Атажұртым, дала - жаным...
Түркістан - Атажұртым, дала - жаным.
Даламды жұпыны деп қарамағын:
Иасауи, дәдем Қорқыт, Арыстанбаб -
киелі жатыр мұнда бабаларым -
әрқайсы алтын діңгек дараларым.
Қансырап Далам талай қылыштардан,
сонда да сүрінбеген Шығыс-тарлан.
Дұшпанын ыққан малдай түріп айдап,
ұлдары Ер Түріктің ұрыс салған,
бар әлем тілсіз қалды ығысқаннан.
Ақ Баян, сұлу Жібек - ерек гүлім,
жүргендей сіңлілерін жебеп бүгін,
үйреткен өмірімен, өлімімен
жігітті қалай сүю керектігін.
Ана жұрт - Анадолым құндыз бағы,
қол жетпес еңлік гүлдей шың-құздағы.
Ер Түрік - шуақты аспан, Сіз бенен біз -
аспанның жерде жанған жұлдыздары,
Күн болар қатар жанса жұлдыз бәрі.
Қуансам, Күншығыстай нұрлы жүзім,
қуамын арғымақпен жыр қызығын
Мекенім - Тұран дала, әз Түркістан,
түріктің батыр көңіл бір қызымын!
/Өзімді таныстыру/
Сағындым туған жердің көгал белін,
Желпіген беттен сүйіп самал желін.
Асқар тау, шалқар көлің болмаса да,
көрікті-ақ көрінесің маған керім.
Елестер көз алдымда құм Нарын да,
асыр сап ойнаушы едім құмдарыңда.
Тап салған жас қияқтай туды өзіңде
Жұпыны менің тұңғыш жырларым да.
Жағалау бұлдырайтын сағым ойнап,
Каспийім толқын атса балық ойнап,
қармақ сап шабағыңа, ауық-ауық
суына шомылушы ем салып ойнақ.
Соңымда қалыпты ғой сол бір күнім,
Алыстан сағыныштың өрдім гүлін.
Жүректе қимасымдай сақтап келем
Сол шақтың пәктігі мен мөлдірлігін.
/Туған жер/
О, туғанжер, кеңпейіл, құшағыңкең,
саған көңіл бұлқынар күш-ағынмен.
Сағынышымды қанат қып саған қарай
балапандай талпынып ұшамын мен.
Алақаны анамның - топырағың,
сендік махаббатымның оты жалын.
Сені қалай сүюдің керектігін
мен ешқандай кітаптан оқымадым.
Сенде тас та қастерлі, аспан да алау,
сенде жанды тербетер дастан бар-ау.
Менің мынау өмірге құштарлығым
сені жақсы көруден басталған-ау.
Кешірме сен
жатқылықпен жаныңды жараласам,
бар сырымды бүкпесіз саған ашам.
Мен ел кезіп кетермін отан сыздай,
үмітіңдіақтауғажарамасам.
/О туған жер.../
Көк мөлдір аспанды мекенім!
Көгіңнен сенің қайтқанда қаздар қаңқылдап,
шарқ ұрып іздеп саялы дария, салқынбақ;
көгілдір жанарлы көлдерді аңсаған құстардың
қиқуларынан қалушы ем мен де зартындап.
Жанарымда бір от жарқылдап...
Ақша бұлттарға мұңдарын шаққан аққуға
сазарған далам, сая болмадың - балқұндақ.
Тарихтың салған тақсіретіндей мүжік таулардан
ақтарылмады айна бұлақтар жалтылдап.
Қасиетті менің, қасіретті менің мекенім!
Атой салғанда ата жауларың сан жақтан,
бабаларымның қаһарына сонда
елең де болмай қарлы ақпан,
кеңдігіңді сақтар, елдігіңді сақтар айқаста
төсіңді тұлпар тұяқтарымен шаңдатқан.
Еркіндігің үшін егеулі найза алған ұлдарың
таңдайларына талықсығанда қан қатқан.
Сонан соң... сонан түнектердің түні қақырап,
ақ армандардың үміті болған таң да атқан.
/Туған жердің топырағы/
Мұнарларың шаншылса аспанды ұрып,
тайталаса алмай қалады асқар бұғып.
Жанартаулардай лапылдап отты алауларың,
жанары жасық жанарды жасқандырып.
Шыққанда жасыл жондарың тусырап алдан,
асқар шыңдарға самғауға құлшынар арман.
Айбаттысынған бір кезде таулар да бүгін
асқақ жандардан жасқанып, қымсына қалған.
Болады екен-ау жалынды таңдар да мұндай,
жарқырайды екен түндер де шамдар жағылмай.
Қара жер деген теңіз боп тасқындайды екен,
менің жылдастарымның армандарындай.
өмірге құштар жандардың
жалын жүрегі дауылды далаға ғашық.
Мұнарлардан жүр мұнда самал адасып.
Жастықтың құрыш қолымен кетіпті бүгін
құмдауыт белді құз кеуде қалалар басып.
Жастық шақ ізін тастаса -
кешегі бозаң, қатыгез құм дала-мекен,
қара ормандармен қайысып нуланады екен.
Осынау асқақ жандарға замандас болып,
мен асылы тентек-тек тумаған екем!
/Маңғыстау!/