phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Жағың сынса да, сағың сынбасын» кітабының тұсаукесері

«Жағың сынса да, сағың сынбасын» кітабының тұсаукесері

15 қыркүйек күні кітапхананың ұйымдастыруымен кәсіпқой қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлының «Жағың сынса да, сағың сынбасын» атты кітабының тұсаукесері өтті.

Айдос Ербосынұлы 1991 жылы 14 қарашада Жаркент қаласында дүниеге келген. Бокспен 11 жасында айналыса бастады, ұзақ жылдар бойы дайындықтың арқасында спортта елеулі табыстарға жетіп, 16 жасында бокс бойынша спорт шебері атанды. Табандылығы мен ерік-жігерінің арқасында көптеген халықаралық турнирлердің чемпионы, Қазақстан Кубогының иегері, Қазақстан чемпионатының күміс және қола жүлдегері, «Astana Arlans» АҚ құрамында бокстан әлем сериясының чемпионы атанды. 2015 жылы 2 қазанда Айдос әуесқойдан кәсіпқой боксқа шықты.

Алты жылдан астам уақыт аралығында 16 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Қазақ жанкүйерлері ғана емес, шетелдің майталман мамандары тарапынан Айдостың әлеуетін аса жоғары бағалады. Айдос өзінің талантының, еңбекқорлығының арқасында қазір ең беделді версиялардың бірі саналатын WBA версиясы бойынша уақытша әлем чемпионы атанды.

Автордың мотивациялық жаңа кітабы денешынықтыруды сүйетін жастарға және көпшілік қауымға арналған.

 «Мен Белоруссия елінде жекпе-жекке дайындалып жатқан кезде, 2016 жылы болған жекпе-жегім жайлы жазуды қолға алдым. Ол жай жекпе-жек емес еді… Сынған жақпен жеңіске жеткен жекпе-жегім еді…. Сол жекпе-жегім жайлы, бокс жайлы, өзім жайлы туындымды сіздерге ұсынамын! Жастарға, қоғамға тәрбиелік мәні зор, пайдасын тигізетін кітап боларына сенемін», деп жазды ол өзінің инстаграмдағы парақшасында.

Шараның мақсаты - облыс жастарының спортқа деген ынталарын арттыра отыру, салауатты өмір салтын насихаттау. Кездесу барысында автор өзінің өмірі, спорттағы жетістіктері туралы сөз тарқатып, Шығысқазақстандық тыңдармандарының сұрақтарына жауап берді.

 Айдос Е 4  Айдос Е 5  Айдос Е 6  Айдос Е 13  Айдос Е 9  Айдос Е 12  
Айдос Е 10 Айдос Е 2 Айдос Е 16 Айдос Е 18 Айдос Е 7 Айдос Е 14
Айдос Е 11 Айдос Е 3 Айдос Е 19 Айдос Е 17 Айдос Е 8 Айдос Е 15

 

Байланыс тел.: 26-13-33 (123)


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp