phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Үздік кітапханашы - 2023»

«Үздік кітапханашы - 2023»

Заманауи кітапхана – тек кітап қана емес, бірегей мәдени орталықтар. Мұнда айтары бар адамдармен кездесулер, көрмелер мен презентациялар, тілдік курстар, түрлі квесттер мен шеберлік сыныптары өтеді. Ал кітапханашы – үнемі жаңарып отыратын ақпараттық ағымдағы таптырмас «жолсерік» іспеттес. Жаңа технологиялар мен цифрландырудың қарқынды дамуына қарамастан, кітапхана әрдайым сұранысқа ие орындардың бірі болып қала бермек.

24 қазан күні Қазақстанда кітапханашылар кәсіби мерекелерін атап өтеді. Кітапханашылар күніне орай 2023 жылдың 1 тамызы мен 20 қазаны аралығында А.С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасы ауылдық кітапханашылар арасында «Үздік кітапханашы - 2023» атты облыстық байқауын өткізді.
Байқау ауылдық кітапханалардың дарынды мамандарын анықтау және қолдау, сондай-ақ олардың инновациялық қызметін ынталандыру және насихаттау мақсатында өткізілді.
Байқаудың бірінші кезеңі 2023 жылдың 1 тамызы мен 10 қазаны аралығында өтті. Байқау ережесіне сәйкес, байқауға қатысушылардың құжаттары мен шығармашылық жұмыстары онлайн режимде қабылданды. Қатысушылар кәсіби құжаттаманы, кітап пен оқуды ілгерілету, өлкетану немесе әлеуметтік желілерде кітапхананы онлайн ілгерілету бойынша іске асырған жобаларын ұсынды.
Екінші кезең 20 қазанда А. С. Пушкин атындағы ШҚ облыстық кітапханасында өтті. Мұнда 1-турдың іріктеуінен өткен жеңімпаздар өз жобаларын таныстырып, конкурстық тапсырмаларды орындап, өздерінің эрудициясы мен кәсіби дағдыларды меңгеру дәрежесін көрсетті.
Байқау жеңімпаздары дипломдар мен бағалы сыйлықтар марапатталды.

Жүлделі орындарды Тарбағатай ауданы ауылдық кітапханасының кітапханашысы Айдарбек Аяулым және Шемонаиха ауданы Верх - Уба ауылының кітапханасынан Синельникова Людмила иеленді. "Шығармашылық стиль" номинациясында Алтай, Шемонаиха және Глубокое аудандарының өкілдері өздерін көрсетті. Күршім ауданынан келген Индира Жақамбаева "Инновация" номинациясында марапатталды. Ал Зайсан ауданының жас маманы Амангазина Айсара - "Келешек" номинациясының жүлдегері.

Барлық кітапханашыларды кәсіби мерекелерімен құттықтаймыз, ең алдымен зор денсаулық, бақыт, отбасыларына амандық және шығамашылық табыс тілейміз. Оқырман игілігі жолында қанаттарыңыз талмасын!

konkurs 1 konkurs 2 konkurs 3 konkurs 4 konk konkurs 6
konkurs 7 konkurs 8 konkurs 9 konkurs 10 konkurs 11 konkurs 12

Байланыс тел.: 261-333


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp