phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Сей- Жек: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Менің Отаным – Қазақстан»: мерекелік бағдарламасы

«Менің Отаным – Қазақстан»: мерекелік бағдарламасы

25 қазан күні А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы оқырмандар мен қала тұрғындары үшін «Менің Отаным – Қазақстан»: мерекелік бағдарламасын ұсынады.

Ұлттық мереке – Республика күні қарсаңында оқырмандар назарына арнайы «Қазақстан: тәуелсіздік тұғыры»: интерактивті әдебиеттер көрмесі ұйымдастырылады. Көрмеде ұсынылған әдебиеттер 1990 жылғы 25 қазанда «Қазақ КСР Мемлекеттік егемендігі туралы декларация» қабылданғаннан кейін мемлекет өмірінің әртүрлі салалары: саясат, экономика, мәдениет, өнерде қандай өзгерістер болғанын нақты дәлелдермен мәлімдейді.
Бағдарлама аясында сағат 11.00-де «Шығыс Қазақстанның аңыз-әпсаналары» жинағының тұсаукесері өтеді. Үш тілде жарық көрген жинаққа Шығыс Қазақстанның өзен-көл, тау атауларының шығу тарихы туралы топонимикалық аңыздар, киелі орындар мен тарихи тұлғалар жайлы аңыздар; ертеде өлкемізде өмір сүрген ғажайып та сиқырлы кейіпкерлер жөніндегі әпсаналар енген. Әсіресе, Катонқарағай өңіріндегі жайлаудың Алтықыз атануы, Ертіс пен Үлбінің айнымас махаббаты, таудың «Алтай» аталу себебі, Қандысу өзенінің тарихы сынды өлкемізге қатысты көптеген аңыздар кез келген оқырманды қызықтырары сөзсіз. Жаңа жинақ Шығыс Қазақстан атты киелі де таңғажайып өлкемізбен жақын танысуға жетелейді. Жинақтың құрастырушысы - өлкетанушы, «Мәдениет саласының үздігі», «Кітапхана ісінің ардагері» төсбелгілерінің иегері Слямова Зиза Мұхтарханқызы.
Осы күні кітапханамыздағы жас оқырмандар үшін «Менің Қазақстаным» атты әдеби квест өткізіледі. Ойынға қатысқан үміткерлер өздерінің білімдері мен тапқырлықтарын ортаға салады.
Сонымен қатар, қала тұрғындарына «Тәуелсіз елдің тұғыры» атты әдеби-тарихи диктант жазғызу шарасы жоспарлануда. Диктант мәтіні мемлекеттің құндылықтары мен қағидаттарын құрметтеу, қазақстандық бірегейлікті қалыптастыру, қоғамдық келісім мен ел бірлігін нығайту, туған елін сүюге тәрбиелеу тақырыптарын қамтиды. Жалпы диктант жазу адамның сауаттылығын арттырып қана қоймай, патриоттық рухын да оятады. Ең көп ұпай жинаған қатысушылар дипломдармен марапатталады.
Мереке қарсаңында баршаңызды кітапханаға келіп, уақытты қызықты әрі пайдалы өткізуге шақырамыз!

Байланыс тел.: 26-13-33


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp