20 желтоқсан күні ШҚО мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Адалдық. Парасаттылық. Сенім» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті.
Басқосуға мәдениет басқармасының ведомстволық бағынысты мекеме басшылары мен қызметкерлері, сондай-ақ, осы шараға арнайы шақырылған құрметті қонақтар – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаментінің превенция басқармасының басшысы Бейсембаев Архат Абжатұлы, С. Аманжолов атындағы ШҚУ сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-офицері, заң ғылымдарының кандидаты Гүльмира Төлеубековна Баиркенова, ШҚО әкімі аппаратының Мемлекеттік-құқық бөлімінің бас маманы Карпова Елена Владимировна қатысты.
Қонақтар қазіргі кезде әлемнің кез келген елінде, оның ішінде Қазақстанда да әлеуметтік құбылыс ретінде көрініс тауып келе жатқан сыбайлас жемқорлық тақырыбын терең талқылап, ойларын ортаға салып, пікір алмасып, кітапханада тұрақты жұмыс істейтін «Адалдық. Парасаттылық. Сенім» атты кітап көрмесімен танысты.
Байланыс тел.: 261-333 (119)