phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

Кітап оқу көшбасшысы - 2023

Кітап оқу көшбасшысы - 2023

Бүгін кітапхана «Кітап оқу көшбасшысы - 2023» байқауының жеңімпаздарын марапаттады. Бұл байқау кітапханада қатарынан жетінші жыл өткізіліп келеді. Оқу марафонына 870-тен астам белсенді кітап оқитын балалар мен жасөспірімдер қатысып, 5600-ден астам кітап оқыды.

Осы жылдың кітап оқу көшбасшылары:
7-11 жас аралығында №35-мектептің 4 «Б» сынып оқушысы Қасымжомарт Елнұр, №39 Ы.Алтынсарин атындағы мектептің 3 «Б» сынып оқушысы Лылова Варвара;
12-15 жас аралығында №49 Ахмер орта мектебінің оқушысы Ануарбекова Жансұлу, «ОМФИММЛ» КММ 6 «А» сынып оқушысы Литвиненко Анастасия марапатталды.

«Ең белсенді мектеп мұғалімі -2023» номинациясын "№27 орта мектебінің" қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Оразғалиева Сәуле Манарбекқызы, «Ең белсенді кітапханашы – 2023” номинациясын «ОСШЛМФИ» КММ кітапханашысы Дорошенко Маргарита Петровна иеленді.
Жеңімпаздарға кубок пен дипломдарын балалар жазушылары Нұғыманова Кәмшат пен Ахметбекова Нұрбану табыстады. Бұл кітап мерекесін кішкентай қонақтарымыз ән мен биге бөлеп, шараның ажарын кіргізді.
Барлық жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерді кітапханамызда күтеміз!

Lider 2 Lider 1 Lider 4 Lider 5 Lider 6
Lider 7 Lider 8 Lider 9 Lider 10 Lider 11

 

Байланыс тел.: 261-333


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp