phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Кітапханадағы инновациялар: әдістері, көздері, нәтижелер»: дөңгелек үстел

«Кітапханадағы инновациялар: әдістері, көздері, нәтижелер»: дөңгелек үстел

Наурыз айында А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының бастамасымен «Кітапханалардағы инновациялар: әдістер, көздер, нәтижелер» атты онлайн республикалық дөңгелек үстел отырысы өтті.
Ата-баба дәстүрімен еліміздің әр өңіріндегі кітапханаларды шуақты көктем мезгілінің сәтті басталуымен құттықтап, ағымдағы жылға арналған жоспарлармен бөлісіп, тәжірибе алмасты.
Қатысушы-спикерлер – Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы» РММ, Қостанай облысы әкімдігі Мәдениет басқармасының «Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы» КММ, «Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхана» КММ, ШҚО Мәдениет басқармасының «А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы» КММ.
Спикерлер келесі өзекті тақырыптарды қозғады:
«Оқитын мектеп – оқитын ұлт» Сайдембаева Алия Шуратовна, Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің «Республикалық ғылыми-педагогикалық кітапханасы» РММ директоры;
«Библиотечные программы для особых пользователей» Видершпан Алла Леонидовна, Ыбырай Алтынсарин атындағы облыстық балалар мен жасөспірімдер кітапханасы, инновациялық-әдістемелік жұмыс бөлімінің меңгерушісі, Қостанай қаласы;
«Нейронные сети и медиаграмотность в реалиях библиотеки: что мы имеем»
Шағиева Бибігүл Жамбылқызы, «Кітапханашыларға арналған медиасауаттылық» жобасының үйлестірушісі, А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы.
Жетісу облысы Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапхананың ақпараттық-библиографиялық бөлімінің меңгерушісі Есенова Жадыра Рүстембекқызы жұмыс тәжірибесімен және ағымдағы жылға арналған жоспарларымен бөлісті.
Исмайылова М.Д., балалар оқуы бойынша сарапшы, кітапханамыздың еріктісі балалар мен жастар ортасындағы жаңа идеялар мен жұмыс түрлері туралы айтып берді.
Сондай-ақ Пушкин кітапханасының мамандары дөңгелек үстелге қатысушыларды кітапханашылардың үздіксіз білім алуын ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерімен бөлісіп, Шығыс Қазақстан облысының 2023 жылы аталып өтілетін және еске алынатын күндер күнтізбесімен таныстырды.

Шараның ZOOM платформасындағы жазбасын төмендегі сілтеме арқылы тамашалай аласыздар: https://www.youtube.com/watch?v=nu04rCASj1w


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp