2026 жылғы 8 маусым күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында ғалым, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ғалымжан Есқараұлы Керімбектің «Бақытты ғұмыр» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті.
2026 жылғы 8 маусым күні А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында ғалым, экономика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Ғалымжан Есқараұлы Керімбектің «Бақытты ғұмыр» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті.
11 маусым күні кітапханада ақын, әнші, аудармашы, журналист, Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ақсұңқар Ақынбабақызымен «Алтай – Алатау арасы...» атты шығармашылық кездесу өтті.
Кітапханада жылдың ең жарқын, көңілді әрі асыға күткен мерекесі жоғары деңгейде атап өтілді.
29 мамыр күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Қазақстан Республикасы Мәдениет саласының үздігі, Шығыс өңірінен шыққан тұңғыш қобызшы, актриса, қолөнер шебері, Мәдениет саласының ардагері Қарагөз Әбдікеқызы Болатованың 80 жас мерейтойына арналған «Қобыздың қоңыр үні» атты тағылымды кездесу кеші өтті.
29 мамыр күні кітапханада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай белгілі ақын, ҚР Мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері «Көк тудың желбірегені» әнінің авторы Алмас Ахметбекұлымен тағылымды шығармашылық кездесу өтті.
28 мамыр күні кітапханамызда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған тағзым сағаты өтті.
20 мамыр күні кітапханамызда Баян-Өлгейден арнайы келген ақын, жазушы Алаш Кеңшілікұлымен тағылымды кездесу кеші өтті.
Кітапханада музыка пәнінің ұстазы, домбырасын жанына серік еткен өнерпаз әнші Асанова Гүлназ Саркембайқызының шығармашылық кеші өтті.