А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Желтоқсан көтерілісінің құрбаны Сәбира Мұхамеджанованы еске алуға арналған «Қаһарман қыз Сәбира» атты облыстық байқау өтті.
Игі бастамаға ұйытқы болған — ШҚО «Желтоқсан-86» қоғамдық бірлестігі. Кітапхана мен ұйым бірлесе ұйымдастырған бұл байқауға облыстың әр аймағынан, Өскемен қаласындағы мектептер мен білім беру мекемелерінен 60-қа жуық тапсырыс ұсынылды.