phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Mon- San: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

АДК сауда ойын-сауық орталығындағы "НАУРЫЗ" акциясы

АДК сауда ойын-сауық орталығындағы "НАУРЫЗ" акциясы

Наурыз мейрамы қарсаңында 18 наурыз күні А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы Өскемен қаласындағы АДК сауда ойын-сауық орталығында интерактивті акция өткізді.

Іс – шаралар бағдарламасы мерекенің тарихы, ұлттық салт-дәстүрлер, қолданбалы өнер бұйымдары, қазақтың киім-кешек және зергерлік бұйымдарының ерекшеліктері т.б. кітаптар мен журналдарды таныстыруды қамтитын «Әз Наурыз – жылулық пен мейірімділік мерекесі»  атты көрмеден басталды.

Әнші Дархан Садыбаевтың орындауында әннен шашу шашылып, ақ тілек, құттықтау, батамен жалғасты. Сонымен қатар қонақтар викториналық ойындарға қатысып, сөзжұмбақтар мен қызықты сұрақтарға жауап берді. Балалар көктем, наурыз, табиғат туралы түрлі боямақтарды бояп, пазлдар құрастырып, тәтті сыйлықтарға ие болды.

Мереке қонақтарына сублимациялық баспа техникасымен жасалған, қолөнер бұйымдарының көрмесі (шоппер, тақия, кружка) сондай-ақ, Ализе ойыншықтары қойылды.

Мерекеге қатысушылар кітапхана ұйымдастырған танымдық шараға қатысып қана қоймай,  кітапхананың қызметі мен ресурстары туралы ақпараттық жарнамаларды алып, кітапханаға жазылу сауалнамаларын толтырды.

Баршаңызды жақсылықтың жаршысы, жаңа жылдың бастауы – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Еліміз тыныш, аспанымыз ашық болып, әрбір жаңа күн әр отбасына шат көңіл, ырыс пен ынтымақ, бақыт пен молшылық сыйласын!

 Nauryz ADK 1  Nauryz ADK 11  Nauryz ADK 8  Nauryz ADK 3  Nauryz ADK 10  Nauryz ADK 7
 Nauryz ADK 9  Nauryz ADK 12  Nauryz ADK 4  Nauryz ADK 4  Nauryz ADK 9  Nauryz ADK 2
 1111111  Nauryz ADK 7  Nauryz ADK 2  Nauryz ADK 5  Nauryz ADK 8  IMG 4090

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp