phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Mon- San: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

Ерғали Тұрдығожиновтың «Шыңырау» кітабының тұсаукесері

Ерғали Тұрдығожиновтың «Шыңырау» кітабының тұсаукесері

31 наурыз күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Катонқарағай ауданының тумасы Ерғали Тұрдығожиновтың «Шыңырау» кітабының тұсаукесері өтті.

Ерғали Тұрдығожинов 1956 жылы ШҚО, Катон-Қарағай ауданы, Чернова (Аққайнар) ауылында дүниеге келген. Осы ауылда орта мектепті бітірген соң 1974-1976 жылдары Книсберг(Калининград) қаласында радиотехникалық әскер сапында азаматтық борышын өтеді.

Шығыс-Қазақстан совхоз-техникумын, Омбының мемлекеттік мал дәрігерлік институтын бітірген. Мамандығы бойынша зейнетке шыққанға дейін Катон-Қарағай ауданының, кейіннен Глубокое ауданының мал шаруашылығы құрылымдарында қызмет істеді. Бүгінде Өскемен қаласында тұрады.

Семей қаласы, «TAN» баспасынан жарық көрген «Шыңырау» деректі хикаяты бір отбасының тағдыры мен тіршілік жолын баяндай отырып, өмірдің шынайы бейнесін оқырманға ұсынды.

Сайлау Төлеуов, журналист:

Ерғали Тұрдығожиновтың бұл кітабы деректі проза жанрына жататын кітап. Автор кәсіби қаламгер емес, әдеби нормаларға сай, прозаның тілімен жазылған өте бір тамаша кітап. Қос томдық кітап әдеби, қияли дүниеден шықпаған, деректі дүниелерге арқа сүйеген. Катон өңірінде осыдан жарты ғасыр не одан бұрынғы уақытта болған оқиғаларды өзек етеді. Мен автордың қалауымен осы кітаптың  бір жағы редакторы, бір жағы баспагері болдым. Кітап бастан аяқ қолымнан өтті, өте құнды дүние, маған өте ұнады, оқырманға да ұнайды деп, ойлаймын.

 Шыңырау 19  Шыңырау 16  Шыңырау 9  Шыңырау 1  Шыңырау 10  Шыңырау 12
 Шыңырау 11  Шыңырау 14  Шыңырау 18  Шыңырау 15  IMG 4589  IMG 4585

 

Байланыс тел.: 26-13-33 (123)


 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp