phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Mon- San: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

"Кітапқа деген махаббатпен"

"Кітапқа деген махаббатпен"

3 - 8 сәуір аралығында  Халықаралық балалар кітабы күніне орай А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапхана кішкентай оқырмандары үшін «Кітапқа деген махаббатпен» атты танымдық мерекелік апталық өткізді. 

  Апталық аясында 3 сәуірде кішкентай оқырмандарымыз «Кітапқа деген махаббатпен» жаңа кітаптар көрмесімен танысты. Көрмеден «Балалар әдебиеті жылы» логотипімен шығарылған кітаптар, 4D кітаптары, сонымен қатар жаңа форматтағы тактильді кітаптар  орын алды. Апта көлемінде көрмемен 300 ден астам оқырманымыз танысты.

     4 сәуір күні «Бала жанының жаршысы...»: балалар жазушысы, журналист Марат Қабанбаевқа арналған шығармашылық әдеби кеш өтті. Кездесуге қатысқан жас оқырмандар жазушының еңбектерін талдап,  шығармашылығын  жан-жақты зерттеп, оның өмірбаянымен жете  танысты.

     5 сәуір күні К. Чуковскийдің «Шыбын бике – Шыбын гүл» шығармасына 100 жыл толуына орай «Исток» жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары театрландырылған көрініс қойды. Сондай-ақ, осы күні білім орталығында «Сүйікті кітаптарыммен кездесу» жас оқырмандармен әдеби кездесу өтті.

     6 сәуір күні «Өзі бала, өзі дара»  деген атпен шығыстан шыққан дарынды балалар Асыл Сұңғатқызы, Ералы Пазылбекұлы  қатарластарымен кездесіп,   өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып, емен-жарқын сұхбат құрды.

     7 сәуір күні кішкентай оқырмандарымыз «Сөз әміршісі»: ертегілер бойынша квест ойынына ерекше қызығушылықпен қатысты.

     Жас оқырман бұл мерекеге қатысу арқылы кітапханадағы бай кітап қорымен танысып, өз таным көкжиегін кеңейтіп,  кездесулерден өздеріне пайдалы да қызықты ақпараттарды алып қайтты деген ойдамыз.

 apta 2  apta 5  apta 4  apta 10  apta 6
 apta 8  Kabanbaev 9  apta 15  apta 9  apta 7
Байланысшы: Құдайбергенова Н.Қ. тел.: 8 705 541 2525

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp