3 мамыр күні кітапханада «Балдырған» балалар журналының 65 жылдығына орай журналдың бас редакторы Дүйсен Мағлұмовпен Zoom платформасы арқылы онлайн кездесу өтті.
3 мамыр күні кітапханада «Балдырған» балалар журналының 65 жылдығына орай журналдың бас редакторы Дүйсен Мағұлұмовпен Zoom платформасы арқылы онлайн кездесу өтті.
Алпыс бес жылдық тарихы бар «Балдырған» журналы – алғашқы санынан бастап-ақ қазақ бүлдіршіндерінің сырлас досына, жанашыр жақынына айналған басылым. Журнал «Кім тез жаттап алады?», «Бала тілі – бал», «Балдырғанның» достары», «Халықтық салт-дәстүр», «Бастау», «Ойлан, тап!», «Балдырғанның» қызыл кітабы», «Балдырғанның» сурет галереясы» және т.б. сияқты айдарлардан тұрады.
Кездесуге қала, облысымыздың ауыл, аудан мектептерінің оқушылары мен ұстаздары және балабақша қызметкерлері мен кітапханамыздың тұрақты оқырмандары қатысты.
Дүйсен Мүсірәліұлы жас оқырмандардың сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты. Оқушылар сүйікті журналдары туралы ой-пікірлерімен бөлісіп, журнал бетіндегі өздеріне ұнаған өлеңдерді жатқа оқыды. Әңгіме барысында Дүйсен ағамыздың ауған соғысының ардагері екендігі белгілі болып, қаламыздағы №27 орта мектебінің оқушылары алдағы келе жатқан батырлар мерекесіне орай патриоттық ән айтып берді.