
«Буллинг дегеніміз не және онымен қалай күресуге болады?» дәріс-әңгімесі
14 қаңтар күні кітапханада мектеп оқушыларына арналған «Буллинг дегеніміз не және онымен қалай күресуге болады?» тақырыбында қызықты әрі танымдық дәріс-әңгіме өтті.
Біздің қонағымыз әрі спикеріміз – әлеуметтанушы, психолог, бизнес-тренер, оқытушы және режиссер Сиырбаев Алтай Мұхтарұлы болды.
Алтай Мұхтарұлы 10-сынып оқушыларына буллингтің не екенін, оның себептерін және онымен тиімді күресудің жолдарын түсіндірді. Әңгіме барысында қатысушылар:
- Буллингтің қандай түрлері бар;
- Өзіңді қалай қорғау керек және өзгелерге қалай көмектесуге болады;
- Неліктен бұл мәселе туралы айту маңызды екенін білді.
Оқушылар белсенді түрде талқылауға қатысып, сұрақтар қойып, өз ойларымен бөлісті. Мұндай шаралар мектеп ортасында қауіпсіз және жайлы атмосфера қалыптастыруға, сондай-ақ айналадағы адамдарға мұқият болуды үйренуге көмектеседі.
Алтай Мұхтарұлына пайдалы кеңестері мен шабыттандыратын әңгімесі үшін, ал оқушыларға – белсенділігі мен ашықтығы үшін үлкен алғысымызды білдіреміз.
Шараның жарқын сәттерімен бөлісеміз!
|
|
|
|
|
|