phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Mon- San: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Бәрімізге ортақ Пушкин...»

«Бәрімізге ортақ Пушкин...»

6 маусым, Пушкин күні, А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы әлемге әйгілі ұлы тұлғаның  туған күніне арналған мерекелік бағдарлама өткізілді. Таңертеңнен бастап кітапхана алдындағы алаңда Пушкин дәуірінің музыкасы аясында әдеби көрме ұйымдастырылып, танымдық викториналар мен квесттер өткізілді. 
Мерекенің лейтмотиві – ақынның Қазақстанға келгеніне 190 жыл толуымен байланысты. 1833 жылы Пушкин «История Пугачевского бунта» мен «Капитанская дочка» повесіне материалдар жинаған. Ол архивтерде көп жұмыс істеп, тарихқа үңілді, шығысқа қарай, сол кезең жаңғырығын сақтаған далаға қарай бет алды. Пушкин Оралда қыркүйек айында тек екі-ақ күн болған. Бірақ осы уақыт ішінде ол таңқаларлық көп дүниеге қол жеткізген. Пушкиннің Қазақстанға жасаған шығармашылық сапарының нәтижелері туралы «Ұлылар үндестігі: Абай мен Пушкин» және «Пушкиниана топтамасы» әдеби экспозиция ұсынылды.
Сағат 11.00-де кітапхана алдындағы алаңда Пушкин ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өтіп, «Бәрімізге ортақ Пушкин...» мерекелік бағдарламасы өтті. Поэтикалық микрофоннан ақынның  ағылшын, неміс, француз, түрік, қытай тілдеріндегі өлеңдері оқылып, қонақтар ақынның сүйікті лирикалық шығармаларын оқыды. Шығыс Қазақстан Орыс мәдени орталығы ұжымы мереке қонақтары үшін ән шашуларын арнады. 
Әскерхан Ақтай, ақын, драматург, ШҚО бойынша «Отандастар қоры» филиалының жетекшісі:
- Бұл күнді дәстүрлі мереке ретінде жыл сайын атап өтіп келеміз. Бұл күн тек Пушкиннің тойы емес, бұл күн поэзияның тойы, өлеңнің тойы, бұл күн өлең сүйер, жыр сүйер қауымның тойы. Пушкинді қазақ әдебиеті Абай арқылы таныды. Абайдың шығармашылығында Пушкиннің орны өте үлкен зор. Абай қазақ даласына Пушкинді танытты. Тек қазақ даласына танытып қана қоймай, Орта Азияға Пушкиннің шығармашылығы Абайдың аудармасы арқылы келді. Пушкиннің шығармаларының өміршең болатын себебі, күллі адамзатқа ортақ құндылықтарды жырлаған ақынның шығармалары қашанда өміршең, қашанда мәңгілік болады әрі ұмытылмайды.
 
Виртуалды оқырмандарды кітапхана сайтындағы «Абай және Пушкин» көрмесімен танысуға шақырамыз http://pushkinlibrary.kz. Аталған көрме қос данышпан жазушының шығармашылық жақындығы мен рухани туыстығын ашып, А. С. Пушкинді данышпан Абайдың қалай шексіз құрмет тұтқанын аңғаруға болады. Сондай-ақ, назарларыңызға «Слова давно минувших дней» атты Пушкиннің шығармаларында кездесетін ескірген сөздердің (архаизмдер мен тарихи сөздер) мағыналарын білуге арналған онлайн викторинасын ұсынамыз.  
Pushk1 1 Pushk1 2 Pushk1 3 IMG 1012 Pushk1 5 Pushk1 6
Pushk1 7 Pushk1 8 Pushk1 9 Pushk1 10 Pushk1 11 Pushk1 12
Pushk1 13 Pushk1 14 Pushk1 15 Pushk1 16 Pushk1 17 Pushk1 18
тел.: 261-333 (ішкі 119)

 


 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp