phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Sun: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Үнсіз педофилия» кітабының тұсаукесері

«Үнсіз педофилия» кітабының тұсаукесері

13 маусым күні кітапханада Орталық Азия психоанализ институтының директоры, психоаналитик Құдиярова Анна Мергенбайқызының «Үнсіз педофилия» кітабының тұсаукесері өтті.

Балаларға қатысты зорлық-зомбылық, агрессия қай ұлт, қай қоғам үшін де жаңалық емес. Батыста бұл тақырып кеңінен зерттелсе, Орта Азия елдерінде әлі күнге дейін жабық, жасырын тақырып болып отырғаны өкінішті.
Бұл кітап – қоғамдағы ең нәзік, тыйым салынған тақырыптардың бірі педофилия құбылысына арналған қазақ тілінде жарық көрген алғашқы кітап.
Кітапта педофилия тақырыбы қазіргі заманның ең күрделі әлеуметтік және психологиялық мәселелерінің бірі ретінде қарастырылған. Автор педофилияның психологиялық себептеріне үңіле отырып, зардап шеккен клиенттердің өміріне талдау жасайды.
Педофилия - балаға қатысты жыныстық әуестік. Бұл тақырып – біздің қоғамда көп айтыла бермейтін, айтылса да, соңына дейін жетпейтін нәзік тақырыптардың бірі. Көп адам бұл сөзді естігенде жиіркенеді. Сондықтан көбі бұл туралы айтуға, тіпті оның бар екенін мойындауға дайын емес. Дегенмен, өкінішке қарай педофилия мәселесін елемегеннен ол жоқ боп кетпейді, қауіп азаймайды. Балаға жасалған жыныстық зорлық-зомбылық сол сәтте ғана емес, кейінгі өміріне де әсер етеді. Оның түсірер жарақаты, салдары біз ойлағаннан да көп. Ол балаға ғана емес, оның айналасындағыларға да үлкен жарақат салады. Сондықтан ауыр жарақатты жасыру емес, айту, талқыға салу арқылы азайта аламыз.
Кітаптағы оқиғалар оқырманның аяушылық, жанашырлық, қорқыныш, жиіркеніш сияқты сезімін оятады, ешкімді бейжай қалдырмайды. Автор осы мәселеге қоғамның назарын аударғысы келеді. Еңбекте автор өмірден алынған шынайы жағдайларды келтіре отырып, педофилияның психологиялық себептеріне талдау жасайды. Сонымен қатар баланың мінез-құлқындағы ата-ана көңіл бөлуі керек алғашқы маңызды белгілерді егжей-тегжейлі сипаттайды.
Зорлыққа ұшыраған адам депрессияға және суицидке бейім болады. Сондықтан да қылмыстық жауапкершілікке тартумен қатар психологиялық жұмыс та жүргені дұрыс. Кітап педофилия мәселесін терең түсінгісі келетін және оның алдын алуды көздейтін ізденушілерге, ата-аналарға, ұстаздарға, мектеп психологтарына, практик психологтарға және барша оқырманға арналады.

 Педофилия 12  Педофилия 4  Педофилия 1  Педофилия 7  Педофилия 3  Педофилия 14
 Педофилия 2  Педофилия 6  IMG 1878  Педофилия 10  Педофилия 11  Педофилия 8

 Байланыс тел.; 261-333 (ішкі. 123)


 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp