«Еңселі Елорда, асқақтаған Астана» бүгін біз осындай қасиетті сөздерді құрметпен, бойымызға біткен ұлтшылдық сезіммен көкірегімізді керіп мақтанышпен айта аламыз. Себебі, Арқаның төрінде сылдырап аққан Ерке Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз бүгінде 25 жасқа толды.
Астана – біздің халқымызды біріктірген отанымыздың жүрегі және ұлт мақтанышы. Осы атаулы күнге орай 2023 жылдың 1-6 шілде аралығында А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада «Өз астананды бейнеле» атты балалар суреттерінің көрмесі өтуде.
Көрмеге «Жұлдыз» балалар өнер мектебінің, дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы облыстық мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының, ҚР Суретшілер Одағының Шығыс Қазақстан филиалы жанындағы балалар мен ересектерге арналған «Горный ручей» шығармашылық даму орталығының жас суретшілерінің жұмыстары қойылды.
Кішкентай суретшілер қылқаламдар мен қарындаштардың көмегімен ел астанасына деген сүйіспеншілігін және әсем қаладан алған әсерлерін суреттер арқылы бейнелеген.
Көрменің модераторы Мерей Қайнарұлы - Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, суретші, фотограф.
Шараның мақсаты Астана күнін атап өту арқылы әр жастың бойындағы отансүйгіштік пен елге деген құрметін арттыру. Баршаңызды сурет көрмесін тамашалауға шақырамыз.
Байланысшы: Қыдырова Н.А.
тел.: 87056483926