phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Mon- San: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

Абай күні кітапханада

Абай күні кітапханада

10 тамыз күні А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада Абай күніне арналған мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.

Кітапхана қонақтары «Абайды оқы, таңырқа!» интерактивті әдебиеттер көрмесімен, әлемнің 37 тіліндегі құжаттарды қамтитын «Біздің Абай» толықмәтінді электронды кітапханасымен танысса, балалар мен жасөспірімдер «Абай – білім арнасы, ақыл ойдың айнасы» атты қызықты танымдық квестке қатысып, ақын жайлы білімдерін көтерді. Жас оқырмандарға арналған бағдарламаны ұлы ақынмен байланысты киелі жерлерге арналған мозайка-пазлдар құрастыру мен сурет салу сайыстары жалғастырды. Ересектер белгілі жерлес сөзжұмбақшы Қ. Алтыбаевтың ақын өмірі мен шығармашылығын қамтитын сөзжұмбақтарын қызыға шешіп, шатыр астында шахмат және тоғызқұмалақ ойнаудан сынға түсті.
Мерекелік бағдарламаны Абай Құнанбайұлы туралы өзбек тіліндегі «Миллат Виждони»/«Ұлт санасы» кітабының авторы – жазушы Исокжон Нишоновпен онлайн кездесу жалғастырды.
Іс-шара барысында ақынның әлемнің түрлі тілдеріндегі өлеңдері оқылып, әндері шырқалды.
Осы күні қала тұрғындарынан «Абай шығармаларын білесіз бе?» атты сауалнама алынып, қалалықтар ақын шығармаларын жатқа оқыды.

Abai day 1 Abai day 2 Abai day 3 Abai day 4 Abai day 5 Abai day 6
Abai day 7 Abai day 8 Abai day 9 Abai day 10 Abai day 11 Abai day 12

 

Байланыс тел.: 261-333


 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp