11 қазанда А.С. Пушкин атындағы кітапханада «Ресей-Қазақстан. Шексіз оқулар 2023» жобасы аясында кітап пен оқуды насихаттауға арналған шаралар өз жұмысын бастады.
Жобаның мақсаты – екі ел оқырмандары, балалар мен ересектер арасындағы мәдени диалогты қолдау, заманауи кітапхана саласындағы инновациялар жайлы ақпарат алмасу.
Жобаның координаторы – Степанова Людмила Валентиновна, Ленинград облыстық балалар кітапханасының балалар кітапханашысы (Ресей, Санкт-Петербург қаласы).
Біздің кітапханада шаралар «Жаңа кітап әңгімелері. Бір-бірімізді оқимыз» атты жаңа кітаптар көрмесінен бастау алды. Ұсынылған кітаптар арасынан балалар өздері үшін «мейірімді», саяхат туралы, «жұмбақ мұқабалы», ойын кітаптарын, тіпті «армандаушыларға арналған» кітаптарын таба алды.
Қалалық мектеп кітапханашылары Людмила Степановамен «Кітап арқылы танысайық!» тақырыбында өткен шығармашылық шеберханасында бас қосты. Әріптестер әңгіме барысында балалардың кітап таңдауы, олардың кітап арқылы қарым-қатынасы, кітапхана ісіндегі жаңалықтар тақырыбында тәжірибе алмасты.
Жас оқырмандар жазушы Наталья Волковамен кездесіп, көптеген жаңа әрі қызықты ақпарат алды. Балалар жазушысы өзінің күлкілі оқиғаларын өлеңмен жеткізіп, поэзияның жазылу құпиясымен бөлісті.
Іс-шаралар 17 қазан күні жалғасты:
Қонақтарымыз заманауи кітаптар ағынында балалар және жасөспірімдермен «Сен – кітап кейіпкерісің бе!?» тақырыбында шығармашылық пікірталас өтті.
«Аударма қаһарманы: поэтикалық шытырман оқиға» – Н. Волкованың оқу және аударма шеберханасында Ресейдегі балаларды қазақ ақындарының қандай поэтикалық әңгімелері қызықтыратыны жайлы талқыланды.
Байланыс телефоны. 26-13-33 (ішкі 119)