phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Mon- San: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

"Алтайдың ақтангері Ақтан ақын" атты облыстық оқушылар айтысы

"Алтайдың ақтангері Ақтан ақын" атты облыстық оқушылар айтысы

Бүгін Республика күні қарсаңында А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында "Алтайдың ақтаңгері Ақтан ақын" атты облыстық оқушылар айтысы өтті.

Айтысқа аудандардан және Өскемен қаласынан 9 ақын қатысты. Айтысқа әділқазылық жасағандар - ақын, филология ғылымдарының кандидаты Серікзат Дүйсенғазы, ақын Аслан Ғафуров, ақын, драматург Аскерхан Ақтай. Сөз додасын белгілі айтыс ақыны Серік Қуанғанұлы жүргізді. Айтысқа жерлесіміз - айтулы айтыс және жазба ақын Ақтан Нұрбаевтың ұрпақтары демеушілік жасады. Отты сөз, орамды ұйқаспен сөз қағыстырған жас ақындар арасынан әсіресе №33 Абай атындағы орта мектептің "Дауылпаз" ақындар мектебінің жас ақындары оза шапты. Көрермен қауым жас ақындардың тапқырлығына, әуезді мақамына тәнті болып, ризашылық білдірісті.
Қазылар алқасының шешімімен бас жүлдеге дарынды жас ақын, Дәулетбай атындағы мектеп-балабақша кешенінің 11-сынып оқушысы Әли Ермеков ие болса, 1 орынға Абай атындағы №33 орта мектептің 11-сынып оқушысы Асылбек Аймерей ие болды.
Жүлделі 2-орынға Абай атындағы №33 орта мектебінің 9-сынып оқушысы Силамбек Руслан, 3-орынға осы мектептің 8-сынып оқушысы Мұхтар Мұратханұлы ие болды.
Ынталандыру сыйлығына Абай атындағы №33 орта мектебінің 11-сынып оқушысы Қонысбай Ардақ, Ертай Аяулым, №8 орта мектептің 6 сынып оқушысы Советханова Аруна, №49 орта мектептің 10-сынып оқушысы Серікұлы Бексұлтан, №35 орта мектептің 10-сынып оқушысы Оралғазы Даниар ие болып, ақшалай сыйлықтармен марапатталды.
Жас ақындардың өнерін жоғары бағалаған филология ғылымдарының кандидаты, ақын Серікзат Дүйсенғазы болашақ өрелі ақындардың қатарынан көрінетін жастардың бар екендігін, ақындар мектебін ашу қажеттігін айтты.
Жүлде тапсыру рәсіміне ШҚО әкімінің аппарат басшысы Е.Жолдасбеков, Мәдениет басқармасының басшысы Н.Ахметжанов қатысып, ақындарға ақ жол тіледі.

aitys 1 aitys 2 aitys 3 aitys 4 aitys 6 aitys 5
aitys 8 aitys 9 aitys 10 aitys 11 aitys 12 aitys 13

 

Байланыс тел.: 261-333 (119)


 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp