3 қарашада А.С.Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Шемонаиха ауданының әдеби-географиялық киелі орнына арналған «Здесь легенда утёса живёт…» кітап-альбомының тұсаукесері өтті.
«Жители Шемонаихи считают это место особенным: сюда приходят молодожены в день свадьбы, здесь встречают рассвет выпускники, сюда на экскурсии приезжают гости нашего края. А каждый шемонаихинец, где бы он сейчас ни жил, воспринимает Марьин утёс как символ Родины и любви, который навсегда остается в сердце» Г. И. Акулов (аудан әкімі).
Альбомның басты кейіпкері - тағдырдың қалауымен туған жерге деген шексіз сүйіспеншіліктің, болашаққа деген ұмтылыстың және еңбекпен оянған өлкенің ежелгі тарихының символына айналған жартас. Жартастың көркемдік бейнесі талантты жерлес жазушы А. С. Ивановтың, керемет суретшілердің, өз шағын Отанына шын жүректен ғашық болып, оны аңызға айналдырған ақындардың, өлкетанушылардың шығармашылықтарымен жасалынған.
Бүгінде, Мария шыңы – Шемонаиханың ғана емес, бүкіл аймақтың бетке ұстары. Альбом А. С. Ивановтың туғанына 95 жыл толуына орай шығарылды.
Кітап-альбомды басып шығару бойынша жобаға «Бір аудан – бір кітап» аймақтық акциясы аясында Шемонаиха орталық аудандық кітапхана бастамашыл болды. Жоба авторы мен кітап-альбомды құрастырушы Светлана Анатольевна Горьковая альбомды жасау кезінде ашық көздерден, жеке коллекциялардан, Шемонаиха орталық аудандық кітапханасы, Шемонаиха тарихи-өлкетану музейі қорынан материалдар, авторлық фотожұмыстарды пайдаланды. Альбом жергілікті суретшілердің графикалық және кескіндеме жұмыстарымен суреттелген.
Фотоальбом өлкетану жинағында лайықты орын алады және біздің өлкеміздің мәдениеті мен тарихының көптеген қызықты беттерін ашады деп үміттенеміз.
Бізбен бірге оқыңыз! Өзіңіз оқыңыз! Қуанышпен оқыңыз!
Байланыс тел. 261-333