phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Tue- Sun: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

News

«Қазақ прозасының қара нары»  оқырмандар конференциясы

«Қазақ прозасының қара нары» оқырмандар конференциясы

14 наурыз күні, сағат 14.00-де кітапханада Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, прозашы, драматург, кинодраматург, Катонқарағай ауданының тумасы Қалихан Ысқақтың 90 жылдығына «Қоңыр күз еді» повесті бойынша «Қазақ прозасының қара нары» атты оқырмандар конференциясы өтеді.

Қалихан Ысқақ 1935 жылы 14 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданының Топқайың ауылында дүниеге келген. 1957 жылы Киров атындағы Мемлекеттік  университеттің  филология  факультетін тәмамдап,   «Лениншіл  жас», «Қазақ  әдебиеті»  газеттерінде табанды қызмет атқарды. Балалық шағы Ұлы Отан соғысының қасіретті жылдарымен, соғыстан кейінгі ауыр кезеңмен тұспа-тұс келген Қ. Ысқақтың «Қоңыр күз еді», «Менің ағаларым», «Бұқтырма сарыны», «Дос хикаясы», «Күреңсе» повестері, «Ақсу – жер жаннаты», «Тұйық», «Қара орман» романдары, «Жарық дүние», «Қараша қаздар қайтқанда», «Таңғы жапырақ», «Есеней – Ұлпан», «Жан қимақ», «Қыл көпір», «Ерліктің екі сағаты», «Сабатаж», «Мазар», «Жәке-Жәкетай», «Сайқының тұқымдары» пьесаларының дені өзінің қиын да қызғылықты өмірін арқау еткен.

«Қоңыр күз еді» повесі Ұлы Отан соғысынан кейінгі тұрмыс-тіршілікті, Топқайың мектеп-интернатының жай-күйін, балалар өмірін суреттеуге арналған. Яғни, жазушының аталмыш шығармасы өз басынан кешкен бір оқиға негізінде жазылған. Шығарма оқиғасы ауыл баласы Қасымның мектеп-интернатқа келіп оқуымен басталады. Мұғалімнің Қасым бойындағы әдебиетке құштарлықты байқауы, оған ерекше кітап беруі, Қасымның қолжазбаны  қастерлеп жасыруы, әңгімеде бейнеленген күз суреті оқырманды өзіне баурай түседі.

Повестің «Қоңыр күз еді» деп аталуының өзі де тегіннен тегін емес. Адамдардың санасында күз, оның ішінде әсіресе қоңыр күз деген сөздер сағыныштың белгісі іспетті. Алыста қалған балалыққа деген сағыныш. Шығарманы оқи отырып «армандау – асыл қасиет» екенін түсінесіз. Кітапқа деген құштарлығыңыз оянады.

Конференция барысында жазушының өмірі мен қызметі туралы кітап көрмесі ұйымдастырылады. Шараға қаламыздағы №47, №44, №27 мектептің оқушылары қатыспақшы. Сыни пікірлерімен, ерекше қабілет-зейіндерімен, ұтымды да ұтқыр ойларымен көзге түскен оқушылар «Болашақ әдебиеттанушы», «Үздік оқырман», «Парасатты оқырман», «Ойлы оқырман»  номинациялары бойынша сертификаттармен марапатталады.

Байланыс тел.: 26-13-33 (119)


 DosAI

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp