phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  Mon- San: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  
Гүлманат Әуелқанқызының «Өң мен түс» атты кітабының тұсаукесері

Гүлманат Әуелқанқызының «Өң мен түс» атты кітабының тұсаукесері

Бүгін кітапханамызда шығыстың танымал ақын қызы Гүлманат Әуелқанқызының «Өң мен түс» атты кітабының тұсаукесері өтті. Шара кітапхананың «Әдеби-HAB» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Гүлманат Әуелханқызы халықаралық және республикалық жыр мүшайраларының жүлдегері. Өлеңдері «Жас толқын», «Қоштасқым келмейді», «Алатау жырлайды», «Сезім тамшылары» жыр жинақтарына және «Қазақ поэзиясы» антологиясына енген. «Жүз өлең» жыр кітабының авторы. Қазіргі уақытта Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай аудандық білім беру бөліміне қатысты ақындар мектебінің жетекшісі.
Кездесу барысында жаңа кітаптың тұсауы кесіліп, ақын жастармен еркін сұхбат құрды. Шығармашылыққа қабілетті жастардың сан сауалдарына жауап беріп, ізденісте жүрген жастарға бағыт-бағдар берді. Іс-шара әнмен әрленіп, ақын өлеңдерімен өрнектелді. Ақын туындыларынан монологтар жатқа оқылды.
Кездесуге зиялы қауым, жас ақындар, шығармашылыққа қызығушылығы бар жастар, жалпы өнерсүйер қауым қатысты. Еліміздің танымал азаматтарымен кездесу – жастарға рухани жағынан серпін, болашақтарына бағыт-бағдар береді деп сенеміз.
Баршаңызды жаңа кітаптың тұсаукесерімен құттықтаймыз!

Gul1 1 Gul1 2 Gul1 3 Gul1 4 Gul1 5
Gul1 6 Gul1 7 Gul1 8 Gul1 9 Gul1 10

 

Байланысшы: Зұлқаршын Гүлнұр
тел. 26-13-33
87758301250


 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 


st. Kazakhstan, 102
Ust-Kamenogorsk, EKR

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 fax

+7(705) 282-11-27 Whatsapp