phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz

phone i  9:00-19:00

Жаңалықтар & афишалар

Бақыт Кеңшіліктің «Бақыт пен Уақыт»  атты кітабының тұсаукесері

Бақыт Кеңшіліктің «Бақыт пен Уақыт» атты кітабының тұсаукесері

23 желтоқсан күні кітапханада қазақ қолөнерінің майталманы, қазақтың дәстүрлі музыкалық аспаптарын жасаудың шебері Бақыт Кеңшіліктің «Бақыт пен Уақыт» атты кітабының таныстырылымы өтті.

Қолөнер – халқымыздың қасиетімен ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, тамырын тереңге жайып келе жатқан асыл мұра. Осы бай мұрамызды өмірлік кәсібіне айналдырған танымал жерлесіміз Бақыт Кеңшілік – ағаштан түйін түйген шебер. Қымбат әрі қатты ағаштарды жонып, оны қалыпқа келтіріп, үні мен сазы күмбірлеген аспап шығару әркімнің қолынан келе бермейтін қасиет. Жастайынан осы бір өнерге жаны құмартқан Бақыт ағамыздың домбырасын бүгінде шертпе күйдің шебері Жанғали Жүзбаев, айтыскер ақындар Абаш Кәкенов, Серік Құсанбаев, әншілер Төреғали Төреәлі, Мейрамбек Беспаев сынды танымал өнер адамдары ұстап жүр. Оның топтамасында екі жүз сексен сағат көлемінде жасап шығарған бағалы тропикалық эбен ағашынан жасалған бірегей домбыра да бар.
Домбыра жасаумен қатар, қобыз, прима қобыз және ат әбзелдерін де қатар жасап жүрген Б. Кеңшіліктің тағы бір сүйікті ісі – кәдесыйлар жасау. «Кәдесыйларды жасау жүректен шығады. Оған өзім атау беремін. Барлығын өміріммен байланыстырамын. Мысалы, «Тағдыр» деген кәдесый бар. «Ана мен бала», «Көкбөрі», «Жан домбыра», «Сыр домбыра», «Айбын», «Биші қайың», «Ана толғауы» деген бірегей кәдесыйларды жасадым» дейді Бақыт аға.
Бақыт Кеңшілік Алматы қаласында өткен «Шебер» байқауында, астанада өткен «Ел іші – өнер кеніші» фестивалінде жүлделі орындар иеленген. Құрманғазы Сағырбайұлының 190 жылдығына арналған Республикалық «Үкілі домбыра» байқауының, республикалық «Аңыз домбыра» конкурсының дипломанты. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің кәдесыйлар байқау-көрмесінің жеңімпазы. 2021 жылғы ҚР Мәдениет және спорт министірлігінің «Мәдениет үздігі» төсбелгісінің иегері.
Жаңа альбом-кітапта белгілі жерлесіміздің қолынан шыққан ұлттық музыкалық аспаптар, олардың жасалу жолдары, сол аспап туралы тағылымды мәліметтер берілген.

Baq1 8 Baq1 11 Baq1 9 Baq1 12 Baq1 7 Baq1 6
Baq1 1 Baq1 2 Baq1 3 Baq1 4 Baq1 5 Baq1 10

Байланыс тел.: 26-13-33


:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp