
ЖАН ЖӘНЕ ЖАДЫ: ЖЕҢІМПАЗДАР ҰРПАҚТАРЫНЫҢ ДИАЛОГЫ
Он бірінші жыл қатарынан жалғасып келе жатқан бірегей халықаралық жоба «Ресей – Қазақстан. Шексіз оқулар – 2025» Ұлы Отан соғысы туралы естеліктер жай ғана тарих ретінде емес, жеке шежіре бөлігі, ұрпақтар сабақтастығы, адамдарды жүрекпен, тағдырмен біріктіретін жоба.
5 мамыр 2025 жылы Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында, жоба аясында «Жеңімпаздар ұрпақтарының диалогы. Жан және естелік» атты ерекше шара өтті. Бұл – Шығыс Қазақстан мен Ленинград облыстарының жасөспірімдері – 1941–1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қаһармандарының тікелей ұрпақтары арасындағы бейресми, шынайы естеліктер мен сезімдерге толы пікір алмасу болды.
«Диалогқа» қатысқандар:
- Елизавета Рыжова, Шірікқайың орта мектебінің 6-сынып оқушысы,
- Рыболова Александра Сергеевна, Шірікқайың орта мектебі,
- Ахмадиев Радмир, 11 мектеп-лицейінің 5 «Б» сынып оқушысы,
- Нұрланов Нұркен, №22 орта мектептің 8 «Б» сынып оқушысы,
- Воробьева Ярослава, ОСШЛМФИ-дің «10it-2» сынып оқушысы,
- Крюкова Ярослава, №9 орта мектептің 8 «Б» сынып оқушысы,
- Ерғазы Еркеназ, ОСШЛМФИ-дің «8it-2» сынып оқушысы,
- Скорикова Варвара, ОСШЛМФИ-дің «8it-2» сынып оқушысы.
Олардың әрқайсысы өз туыстарының естеліктері мен әңгімелеріне сүйене отырып, отбасындағы батырдың айқын бейнесін қайта жаңғыртты. Айтқан сөздері өткеннің үніндей естіліп, Жеңіс күнін жақындату үшін жанын аямаған жандарға деген шексіз құрмет пен махаббаттың айғағы болды.
Бұл – жай ғана диалог емес. Бұл – өткенді болашақпен байланыстыратын алтын көпір. Бұл – ұрпақтар жадысын жалғайтын рухани жол.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Байланыс тел.: 261333