
«Қаныштың ізбасар інісі» онлайн кездесу
29 сәуір күні 11.00-де А.С. Пушкин атындағы облыстық кітапханада ғалым, жазушы әрі қоғам қайраткері, академик, техника ғылымдарының докторы, профессор Евней Арыстанұлы Бөкетовтің туғанына 100 жыл толуына орай «Қаныштың ізбасар інісі» атты Zoom платформасында онлайн кездесу өтеді.
Шараға Е.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің мамандары, жергілікті өлкетанушылар және облыстық кітапхана қызметкерлері қатыспақшы.
Евней Бөкетов 1925 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Бағанаты ауылында дүниеге келеген. Әкесі Арыстан малшы-шаруа болған, ал шешесі Балтай үй шаруасы және балаларды тәрбиелеумен айналысқан.
1945 жылы Е.А.Бөкетов Алматы қаласындағы Қазақ кен-металлургия институтының металлургия факультетіне оқуға түсті, сөйтіп оны 1950 жылы бітіріп шығады. 1960 жылы академик Қ.И.Сәтбаевтың ұсынысы бойынша Е.А.Бөкетов Қаз. КСРҒА Қарағанды қаласындағы Химия-металлургия ғылыми зерттеу институтының директорлығына тағайындалады.
Ол ғылым, білім және мәдениет саласына үлкен үлес қосқан тұлға. Евней Бөкетов Қарағанды мемлекеттік университетінің тұңғыш ректоры болды және химия мен металлургия салаларында көптеген ғылыми еңбектер жазды. Сондай-ақ, әдебиет саласында да өнімді еңбек етіп, шығармалар мен аудармалар қалдырды.
Евней Арыстанұлы С.Мұқановтың «Жұмбақ жалау» романын қазақ тіліне аударған. Ол орыс тілінен қазақ тіліне И.Василенконың «Артемка» повесін, Э.Золяның әңгімелері мен мақалаларын, болгар жазушысы И.Вазовтың «Бұғауда» пьесасын, С.Есениннің «Анна Снегина» поэмасын, В.Маяковскийдің «Керемет» поэмасын, В.Шекспирдің «Макбет» және «Юлий Цезарь» трагедияларын А.С.Пушкиннің Баркалай де Толлиге арналған «Қолбасшы» атты өлеңін аударған.
Оның «Жазушы» баспасынан «Атан қомында туған адам» кітабы және сол баспадан орыс тілінде «Творчество қырлары» атты деректі-көркем очерктері басылып шыққан. Е.А.Бөкетовтың орыс халқының Д.М.Менделеевқа арналған повесі «Досқа алты хат» деген кітабы «Жалын» баспасынан 1989 жылы орыс тілінде, ал 1995 жыды қазақ тілінде жарық көрді.
Шараның спикерлері:
- филология ғылымдарының докторы, Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің профессоры, ҚР мәдениет қайраткері, бөкетовтанушы ғалым Асанов Қойлыбай Дәулетқанұлы;
- тарихшы ғалым, «Тұлғатану» зерттеу орталығының директоры Нұрсахан Ахметқызы Бейсенбекова;
- Бөкетов атындағы мемориалдық мұражайдың директоры Тұрсынбаева Қарлығаш Айтбайқызы.
Өлшеулі өмірде халқына өлшеусіз еңбек сіңірген дара тұлға Евней Арыстанұлы Бөкетовтің өмір жолына арналған онлайн форумға баршаңызды қатысуға шақырамыз!