phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Тәжірибе - таным көзі»: ғылыми тәжірибелер алаңы

«Тәжірибе - таным көзі»: ғылыми тәжірибелер алаңы

«Ғылым таппай мақтанба...» – деп, жас ұрпақты ғылымға жетелеген Ұлы Абай ұстанымы бүгінде күн өткен сайын маңызы артып келеді. Кітапханамызда 12 сәуір «Ғылым қызметкерлерінің күні» жыл сайын әр түрлі ғылыми сала мамандарымен және олардың ғылыми жаңалықтарымен  оқырмандарды таныстыру дәстүрге айналған. 

Бүгінгі күні де осы атаулы мерекеге орай кітапханамызда «Тәжірибе - таным көзі» атты ғылыми тәжірибелер алаңы өтті.

Әрине, кітапхана болғандықтан шара ғылымның әр саласын қамтитын кітаптар топтамасымен таныстырудан басталды. Көрмедегі Битти Робтың «Простые эксперименты» және жерлес жазушы Мария Яковлеваның «Веселые научные опыты для детей и взрослых» атты кітаптарын оқып, оны өз тәжірибесінде қолданған біздің жас оқырманымыз - Муратханов Ерасыл өз тәжірибесін көрсетіп, аға буын аға-әпкелерін таң қалдырды.

Сондай-ақ, шараның қызықты өтуіне мұрындық болған С. Аманжолов атындағы жоғары оқу орнының «Физика және технологиялар кафедрасының» студенттері мен кафедра мұғалімдері Зұлқаршын Парасаттың, Дулат Асқарбекұлдарының еңбектерін айтпай кету мүмкін емес.  Олар осы шараға өз студенттерімен ғылыми жоба, макет және слайдтарын көрсетіп, іс-тәжірибелерімен бөлісті.

Атап айтатын болсақ:

Меллат Жалғасұлы - «Зымырандық қару»;

Бірлесбек Мүнира - «Ядролық жарылыс»;

Нұролдинова Айым - «Атомдық реакторлы сүңгуір қайық»;

Базаров Нұралы - «Церебральды параличпен ауыратын балаларға арналған вертикализатор әзірлеу»;

Мұратбек Мадина, Әлібекова Балым, Окай Гулзат – «Өндірістік қорытпалардың технологиялық пластикалығын жақсарту, олардан бұйымдарды дайындау және қызметтік қасиеттерін қалпына келтіру»;

Азат Арыстанбек, Жұмақанова Асылай «Күн сәулесі болашақтың сарқылмас энергиясы»;

Тлеубергенова Гүлім - «Күн радиациясының адам ағзасына әсері»;

Амринов Есбол – «Заманауи астрономия кабинеті» атты жобаларын ортаға салып,

Бүгінгі іс-шараға қатысқан ұстаздар мен  барлық жастарға, оқушыларға алғысымызды білдіре отыра, Ертеңгі елдің болашақғы үшін осындай білімді жастардің өсіуі, ел ертеңі үшін өте маңызды. Дарынды талантты, білімді жастар көбейе берсін дейміз.  

nauka 5 nauka 1 nauka 2 nauka 3 nauka 4 nauka 6
nauka 7 nauka 8 nauka 10 nauka 11 nauka 12 nauka 13

 

Байланыс тел.: 26-13-33


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp