phone i  +7(7232) 261-333 
phone i  pushkinlibrary@yandex.kz
phone i  СС- ЖС: 9:00-19:00
facebook   instagram   twitter   youtube   Vkontakt   whatsapp  

Жаңалықтар & афишалар

«Мәңгілік өшпес отты жылдар»: әдеби көрмесі

«Мәңгілік өшпес отты жылдар»: әдеби көрмесі

А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасында Жеңіс күніне арналған «Мәңгілік өшпес отты жылдар» / «И память книга оживит...» әдеби көрмесі ашылды.... «Әр отбасының өз батыры бар» / «В каждой семье есть герой», деген жинақ жолдары кітаптың ғана емес, жалпы көрменің мазмұнын таныстырғандай. Бұл Шығыс Қазақстан майдангерлері ұрпақтарының естеліктері, эсселері мен өлеңдері.  
Көрмеден соңғы жылдардағы жаңа басылымдар да орын алған. Кеңес Одағының Батыры Үрмәш Түктібаевтың, Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың, ержүрек жауынгерлер Мұханғали Тұрмағамбетовтің, Әбсамат Тәжбеновтің, Бектай Әбсаттаровтың, Қозғанбай Әбиевтің және басқалардың ерліктері жайлы «Ерлік – елге мұра» / «Мужество – достояние Родины» кітабында суреттелген. 
Кеңес Одағының Батыры Талғат Бегелдиновтың жарқын бейнесі оның майдандағы жолдастарының естеліктерінде берілген.
Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың 100 жылдығына орай 2022 жылы М.Тадж-Мураттың «Неизвестная война Маншук» атты кітабы жарық көрді. Құрамында Мәншүк Мәметова соғысқан 100-ші жеке атқыштар бригадасы 1941 жылы Алматыда құрылған. Аталған кітап – аты аңызға айналған әскери құрылымның даңқты жауынгерлік жолы жайында әсерлі әңгімелейді. Әскери мұрағаттардың ашық дереккөздері мен құжаттарына негізделген кітап асқан шыншылдықпен жазылған  дейді автор Найля Тажибаева.  
«Өрт жылдардың отты жандары» / «Пламенные души огненных лет» деректі жинағында 50 қазақстандық қыздың ерліктері сипатталған.  Кешегі мектеп түлектерінің соғыстағы тағдыры қандай? Мұнда біздің келесі жерлестеріміздің әңгімелері де берілген: Токмина Вера Прокофьевна – сержант, телефоншы-морзист, Криворучко Раиса Евдокимовна – медициналық қызмет капитаны, Дмитрий Роза Сергеевна – эфрейтор, радиотелеграфист...
«Сталинградты қорғаған қазақтар»/ «Казахстанцы, защищавшие Сталинград»  жинағында – бүкіл Екінші дүниежүзілік соғыстың шешуші шайқасы – Сталинград шайқасының 200 отты күні мен түнінде қаза тапқан қазақстандық сарбаздар мен офицерлердің асқан батылдығы сөз болған. 
Биыл генерал И. В. Панфиловтың туғанына 130 жыл. Кітап көрмесінен панфиловшыларға арналған әдебиеттерді де кеңінен кездестіруге болады. Ал аты аңызға айналған партизан-жазушы Қасым Қайсеновке биыл – 105 жыл. Ол шығармаларында өзі басынан өткерген оқиғаларды шынайы және әсем суреттейді. 
«Мәңгілік өшпес отты жылдар» көрмесі – бұл кітаптар мен құжаттарда жазылған тарихи дәлелдерге қол жеткізу мүмкіндігі. 97 қазақстандық – Кеңес Одағының Батырлары, жүздеген тыл еңбеккерлері – Социалистік Еңбек Ерлері жайлы мәліметті  көрмеден ала аласыздар. Өскелең ұрпақ үшін аталған көрменің берері мол екені сөзсіз.   Бүгінгі күні қан майданнан кейін қаншама жылдар өтсе де, біз үшін бейбіт күнді тудырған ержүрек азаматтарымыздың орны ерекше. Ендеше, қаһармандарын ұлықтау – ұрпақтың қасиетті борышы. 
Танымал есімдер: https://esimder.pushkinlibrary.kz/ru/
Өлкетану сайты: https://olketanu.pushkinlibrary.kz/ru

9may 1 9may 2 9may 3 9may 4 9may 5 9may 6

 

Байланыс тел.: 261-333 (119)


 old site

 old site

қолда

кітап ұзарту

оқырман болу

 

 

:


ШҚО, Өскемен қаласы Қазақстан к. 102

pushkinlibrary@yandex.kz

+7(7232) 261-333

+7(7232) 609-087 факс

+7(705) 282-11-27 Whatsapp